» » Кубок «Сыр медиа» командасында

Кубок «Сыр медиа» командасында


Жыл сайынғы дәртүрге айналған бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасындағы шағын футболдан жарыс биылғы жылы Астана қаласының – 20, Қызылорда қаласының 200 жылдығы және Қармақшы ауданының 90 жылдығы мерекесіне орай өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты насихаттауды көздеген турнирде аудан әкімі С.Мақашов қатысушыларға сәттілік тіледі. Осыменен үшінші мәрте ұйымдастырылған жарысқа республикалық, облыстық БАҚ өкілдерінен барлығы 7 команда қатысты.
Дәстүрлі сайыста үздік ойын өрнегін көрсеткен «Сыр медиа» құрамасы 1-орынды және ауыспалы кубокты еншіледі. Тартысқа толы турнирде Шиелі ауданынан келген «Өскен өңір» командасы 2-орын алса, «Qyzylorda» құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Жақсы өнер көрсеткендер «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер аудан әкімінің кубогы мен бағалы сыйлықтарын иеленді.


Н.Сағатұлы.
http://www.syrboyi.kz

10 шілде 2018 ж. 867 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 062

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031