Аяқдоп аламаны аяқталды
Қазалы ауданында жылдың қай мезгілінде болмасын дүниежүзінде нөмірі бірінші ойын болып саналатын футболдан турнир өтіп тұрады. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл жарыста аяқдопты жанына серік еткен жастар жиі бас қосады. Сонымен, үшінші мәрте өткізілген кіші футболдан аудан чемпионаты аяқталды. Үш айға созылған аяқдоп аламанына 12 команда қатысып, екі айналым бойынша өз бақтарын сынаған болатын.
Сейсенбі күні аудандық мәдениет орталығында кіші футболдан аудан біріншілігінің аяқталуына байланысты салтанатты жиын өтті. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов бұқаралық спортты дамыту жолында жергілікті футбол федерациясының атқарған жұмыстарына тоқталып, жеңімпаздарды құттықтады.
Биылғы аудан біріншілігінің жеңімпазы болып үшінші жыл қатарынан «Қыран» командасы жеңімпаз атанды. Чемпиондардың қоржынында – 52 ұпай. Ал 44 ұпай жинаған “Әмір” командасы турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізсе, “Жанқожа” командасы үшінші орынға табан тіреді. Жеңімпаз бен жүлдегер командаларға диплом, кубок және медальдар табыс етілді.
Қазалы аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергенов атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, чемпионаттың үздіктерін марапаттады.
Чемпионаттың үздіктері әлемдік тәжірибеге сай аудан чемпионатына қатысқан командалардың жаттықтырушылары мен капитандарының дауыс беру нәтижесі арқылы анықталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша «ХҚКО» командасының қақпашысы Аманқос Айқожаев «Үздік қақпашы», «Қыран» командасының қорғаушысы Ғабит Ешмаханов «Үздік қорғаушы», «Қазалы» командасының шабуылшысы Мейрамбек Нағымет «Үздік шабуылшы», «Әмір» командасының ойыншысы Мұқағали Сансызбаев «Үздік ойыншы», «Айсер» командасының ойыншысы Оңғарсын Тоқсанбай «Үздік жас ойыншы», Нұрлан Төрежан «Үздік төреші», Қуаныш Жиенқұлов «Үздік ақпараттандырушы», «Достық» командасының жаттықтырушысы Рысбек Сәрсенбай «Үздік жаттықтырушы», Алмат Әлімбаев «Футбол жанашыры», «Энергомера» ЖШС директоры Бекетай Мұқашов «Үздік демеуші», қарсыластар қақпасына 43 доп соққан «Қыран» командасының шабуылшысы Жандосбек Нәбиев «Үздік сұрмерген» бағамымен марапатталды.
Сондай-ақ, аудандық футбол федерациясы дүбірлі доданың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен №249 мектеп-лицей, №266 мектеп-лицей, №170 мектеп, №204 мектеп әкімшіліктеріне ризашылығын білдіріп, «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Алдағы уақытта үлкен футболдан екінші аудан біріншілігі өз жалауын көтереді. Бұл күндері аудандық футбол федерациясы чемпионатқа қатысуға ниет білдірген командалардың құжаттарын жинап жатыр. Егер бәсекеге қатысқысы келетін команда болса, “Жалаңтөс баһадүр” атындағы орталық стадиондағы аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне хабарласуына болады.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ