» » Қазақстандықтар Хорватия президентімен селфи жасады (видео)

Қазақстандықтар Хорватия президентімен селфи жасады (видео)


Биылғы Ресей Федерациясында өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты қызықты сәттерімен есте қалары анық. БАҚ беттері, әлеуметтік желі парақшалары қызықты видеолар мен фотоларға әбден толды.

Командалардың ойындарынан көрі, футбол десе «ішкен асын жерге қоятын» жанкүйерлер туралы ақпараттар қызығырақ сынды. Қазақстанның туын Ресейде желбіретіп, еліміздің қай жерінен деген сұраққа Шымкенттен деп жауап қатқан қазақстандықтар да желіні бір шулатқан болатын.
Ендігі ретте ең қарапайым Колинда Грабар-Китарович – Хорватия президентімен селфи жасаған қазақстандықтар желіде хит болды. Ағылшын тілінде «біз Қазақстаннан боламыз» деп өздерін таныстырған жігіттер Колинда Грабар-Китаровичпен еш кедергісіз селфи жасай алды.




Осындай жанкүйерлеріміздің арқасында Қазақстан мемлекетін әлем тани жүрсе деген ниеттеміз.




Stan.kz 
12 шілде 2018 ж. 691 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930