» » Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан АҚШ құрамасын жеңді

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан АҚШ құрамасын жеңді


Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында допты хоккейден Қазақстан құрамасы АҚШ командасын 14:1 есебімен жеңді.

Әлем чемпионаты Хабаровск қаласында өтуде.
Бұл ойында команда капитаны Рауан Исалиев төрт гол соқты.
Сондай-ақ қазақстан құрамасынан қарсылас қақпасына Виктор Чернышев 3, Евгений Леонов пен Артем Вшивков 2 доптан гол салды. Ескендір Нұғманов, Руслан Галяутдинов және Максим Өтебалиев бір реттен көзге түсті.
Америкалықтардан Кевин Браун бір ғана голмен жауап қайырды.
Еске сала кетейік, кеше қазақстандықтар Венгрия құрамасын 29:0 есебімен ұтқан болатын. Онда Рауан Исалиев сегіз гол соққан еді. Ертең қазақстандықтар Германия құрамасына қарсы ойнайды.
31 қаңтар 2018 ж. 962 0