» » ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТЕНД АТУШЫЛАР ИТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТЕНД АТУШЫЛАР ИТАЛИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Италияның Тодди қаласында стенд атудан екі бірдей халықаралық турнир өтіп жатыр. 30 шілдеге дейін жалғасатын ірі халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Казинформ.
HH Sheikha Fatima Bind Mubarak Emirates GREEN CUP турниріне 22 мемлекеттен 170 спортшы қатысуда. Аталған сында дубль-трап сайысы бойынша қазақстандық Мария Дмитриенко 1 орын иеленді.
Italian Open Green Cup Shotgun турнирінде 15 мемлекеттен келген мергендер бақ сынауда. Жастар арасындағы дөңгелек стенд ату сынында қазақстандық Александр Мұхамедиев күміс жүлдегер атанды.
Ал скит бағдарламасы бойынша финалға шыққан Александр Ещенко сайысты 5-ші орынмен аяқтады.
«Мария Дмитриенко финалға 6-шы орынмен шыққан болатын. Ал финалда ол өз мықтылығын дәлелдеп, алтын жүлдегер атанды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш», - дейді «Астана» кәсіби спорт клубының менеджері Андрей Могилевский.
29 шілде 2018 ж. 646 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 650

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30