Елордада велотректен ұлттық чемпионат басталды
Астанада велотректен жастар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионат басталды. Бұл осы спорт өкілдері үшін жылдың басты бәсекесі болып саналады. Өйткені жеңімпаздарға Қазақстанның үздігі деген атақтан бөлек, алдағы халықаралық және әлемдік додаларда ел намысын қорғауға мүмкіндік береді.
Осыған орай «Сарыарқа» велотрегіне еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ден аса велотрек шебері жиналып, өзара мықтыны анықтауға кірісті. Жарыс аптаға жуық уақытқа созылады және жалпы қорытындысы тек 3 тамызда белгілі болады. Сондықтан қазір тек іріктеу сындары болып жатыр. Аян Шектібаев, жарысқа қатысушы: - Әртүрлі кезеңдер болады. Қазір олимпиадалық спринт болады. Оның алдында командалық жарыстар болды. Тағы жекелей болады. Сонда орын алсаң, Азия чемпионаттарына алып кетеді.
Дереккөз: 24.kz