» » Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киімі таныстырылды

Қазақстандық спортшылардың қысқы Олимпиададағы киімі таныстырылды


2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада ойындары өтеді.
Төртжылдықтың байрақты бәсекесінде қазақстандық спортшылар да бақ сынайды. Осы орайда бүгін Астанадағы Silk Way ОСС орталығының мұз айдынында Қазақстан делегациясы киетін жылы спорттық костюм мен шалбар, жылы желет, спорттық және жаттығуға арналған, желден қорғайтын костюмдер мен өзге де киім-кешектен тұратын спорттық форма таныстырылды.
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілі Жігер Әзбергеновтің айтуынша, спорттық киімдерді Жапонияның Mizuno компаниясы дайындаған.

«Бірнеше әлемдік және қазақстандық компаниялардан ұсыныстар түсті. Ұлттық Олимпиада комитеті мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ақылдаса келе Mizuno компаниясы ұсынған экипировкасын қабылдады. Мұндай спорттық киімдерді таңдаған кезде бірнеше критерийге жауап беруі тиіс. Ең негізгісі - спортшыларға мейлінше ыңғайлы, желге, ауа райы мен климаттық жағдайға қолайлы болуы тиіс», - деді ол.


Фото: Кенжетай Ақсейітов
Қазіргі таңда 100-ден астам спорттық киім әзірленді. Алайда нақты қанша адамға берілетіні белгісіз.

«Себебі Қазақстан құрамасы әлі де толық лицензия алып болған жоқ. Жарыс жалғасып жатыр. Барлығы анықталып болғаннан кейін нақты саны белгілі болады. Бюджеттік сомаға сай жасалған. Бірінші кезекте біз спортшыларға қолайлы жағдай жасауымыз керек болды, ал Mizuno жаңа технологиялармен жұмыс істейтін компания», - деді Жігер Әзбергенов.


Фото: Кенжетай Ақсейітов
Mizuno компаниясы 1906 жылдан бастап спорттық киім мен аяқ киім шығарып келеді. 1964 жылғы Токио Олимпиадасынан спорттық экипировкамен жабдықтауды бастады.
Шараға Қазақстандағы Корея Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик қатысып, ұлттық құрама спортшыларына сәттілік тіледі.

«Олимпиадада Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз. Корей xалқы екіге бөлінгенін білесіздер, дегенмен осы қысқы Олимпиада ойындарына КХДР құрамасының қатысатынына қуаныштымыз. Пхенчханға 2017 жылдың желтоқсанында барғанымызда спорттық жарыстар өтетін барлық нысанды көріп, толық дайын екеніне көз жеткіздік. Қысқы ойындарда қазақстандық спортшыларға жанкүйер боламыз», - деді ол.





18 қаңтар 2018 ж. 1 552 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930