» » «Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші раундына шықты

«Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші раундына шықты


«Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші раундына шықты
Алматылық «Қайрат» Еуропа Лигасының екінші іректеу раундындағы қарымта матчта голландиялық «АЗ Алкмар» футбол клубынан 2:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ойын 2 тамыздан 3 тамызға қараған түні Алкмарда өтті. Алғашқы таймның 28-минутында пенальти есебінен Бауыржан Исламхан гол соқты. Алайда «Қайрат» есепті ұстап тұра алмады. Матчтың 41-минутында «АЗ Алкмар» сапындағы жартылай қорғаушы Гуус Тил алматылық клуб қақпасына гол соқты.

90 минут аяқталған соң төрешілер қосқан қосымша уақытта «Қайраттың» қақпасына Теун Коопмейнерс гол соғып, өз алаңдарында голландиялық клуб жеңіске жетті.
Алайда Аламатыда өткен «Қайрат» пен «АЗ Алкмар» арасындағы алғашқы матчта алаң иелері 2.0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша қазақстандық клуб 3:2 есебімен Еуропа Лигасының үшінші раундына шығып отыр.


Baq.kz

03 тамыз 2018 ж. 884 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031