» » Садриддин Ахмедов 7 қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Садриддин Ахмедов 7 қыркүйекте жекпе-жекке шығады

Қазақстанның аса дарынды боксшы Садриддин Ахметов кәсіпқой рингтегі өзінің келесі жекпе-жегін 7 қыркүйек күні Канаданың Эдмонтон қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромайға қарсы өткізеді.


Әуесқой рингте Садриддин ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Жастар буыны арасындағы жарыстарда жасындай жарқыраған ол бірден қырағы мамандардың назарын өзіне аударды. Елшілік додаларда дара талантымен оқшауланған жерлесіміз халықаралық аренада да мықтылығын мойындатты. Әсіресе, 2016 жылы Болгарияда өткен әлем біріншілігі есімізде ерекше сақталып қалды.

Төрткүл дүниенің әр қиырынан жиналған былғары қолғап шеберлерінің бәсекесінде төрт жекпе-жек өткізген Ахметов барлығында жеңіске жетті. Алғашқы айналымдарда Литва мен Қырғызстан боксшыларын ұрып жыққан ол жартылай финалда Өзбекстанның және финалда Украинаның өрендерін күмәнсіз ұтты. Осылайша, Садриддин 69 кило салмақ дәрежесі бойынша жастар арасында әлем чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болды.   Көп ұзамай дарынды жас кәсіпқой рингте бақ сынауға бел буды. Биылғы жылдың сәуір айында Канаданың Квебек қаласында мексикалық Тони Баррераспен жұдырықтасып, қарсыласын 31 секундта ұрып жықты. Одан кейін мамыр және маусым айларында аргентиналық Ариел Алехандро Зампедриді бірінші және Мексиканың тағы бір өкілі Густаво Гарибайды бесінші раундтарда нокаутқа жіберді.

9 қыркүйекте 20 жастағы Садриддин Ахмедов өзінен 10 жас үлкен сақа спортшымен айқасады. Осы күнге дейін 26 кездесу өткізіп үлгерген Бруно Леонардо Ромай 21 мәрте жеңіс тойын тойлап, 18 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Өзінің соңғы жекпе-жегін аргентиналық боксшы былтырғы жылдың күзінде Астанада қазақ жігіті Жанқош Тұраровқа қарсы өткізіп, ұпай санымен есе жіберген болатын.      

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Егемен Қазақстан»



13 тамыз 2018 ж. 713 2

Гость Jeaplause от 28 ақпан 2019 20:40
Amoxicillin Vs Cetalopram cialis viagra difference Comparatif Prix Cialis France Find Progesterone 200mg

Гость Jeaplause от 16 наурыз 2019 21:06
Rx365store Amoxicillin Dosage Tooth Infection viagra Viagra Professional Shop Meds Kamagra Pill Acheter Cialis Ligne Quebec

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30