ЖАЛАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Қызылорда қаласында ауыл жасөспірімдерінің республикалық II жазғы спорт ойындары өтті. Оған барлық облыстардың құрама командалары қатысады.
Ойын бағдарламасында ұлттық, бұқаралық және олимпиадалық спорт түрі енгізілген. Дүбірлі додада республиканың 14 облысынан 2000-ға жуық ауыл спортшылары шеберлік байқасды.
– Сайыс спорттың 10 түрінен өтті. Атап айтсақ, волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандбол секілді спорттан Қызылора командасы үздік өнер көрсетті. Бұл шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау, – дейді спортшылар.
Айтулы спорт бәсекесі 21 тамыз күні қорытындыланды. Нәтижесінде қызылордалықтар І орынды жеңіп алса, келесі орынға Алматы командасы жайғасты. Ал ІІІ орын Түркістан жастарына бұйырды.
Облыс құрама сатында өнер көрсеткен жалағаштық Әсел Бейсенбай дзюдо күресінен І орынды жеңіп алса, Диас Айнабек пен Бекарыс Жаныс ІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге, жерлесіміз Гүлнұр Бақытжан, Әділжан Данияр да таеквондо спорт түрінен үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ