» » ОЛИМПИАДА-2018: ЕҢ КӨП МЕДАЛЬ ҚАЙ СПОРТ ТҮРІНДЕ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

ОЛИМПИАДА-2018: ЕҢ КӨП МЕДАЛЬ ҚАЙ СПОРТ ТҮРІНДЕ САРАПҚА САЛЫНАДЫ


Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарында ең көп медаль коньки спортынан сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақ Олимпиадада спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы ойнатылады. Осы спорт түрлерінің ішінде ең көп медальдар коньки тебу спортынан  болса (14 медаль), ең аз медаль скелетон мен хоккей спортынан (екі-екіден). Одан кейінгі медальдар рет-ретімен шаңғы жарысынан - 12, биатлон мен тау шаңғы спортынан - 11, сноуборд пен фристайлдан - 10, шорт-тректен - 8 медаль сарапқа салынады. Ал мәнерлеп сырғанаудан  -5, трамплиннен секіру мен шана спортынан 4 медальдан ойнатылады. Сондай-ақ, бобслей, керлинг және шаңғы қоссайысынан үш-үштен медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиадада спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайды. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.



22 қаңтар 2018 ж. 1 233 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930