» » «Барысқа» жаңа капитан тағайындалды

«Барысқа» жаңа капитан тағайындалды

Астананың «Барыс» хоккей клубы өзінің Youtube-арнасында жаңа капитандары таныстырылған видеоны жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-қа сілтеме жасап.




«Барыстың» жаңа капитаны Брэндон Боченски болды. 36 жастағы форвард аталмыш клубты 2014/15, 2015/16 және 2016/17 маусымдарда басқарған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін «Барысқа» Кевин Даллмэн (2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12), Дмитрий Уппер (2012/13, 2013/14) және Найджел Доус (2017/18) басшылық еткен еді. Боченски «Барыс» үшін 2010-2017 жылдар аралығында ойнаған болатын. Бір жылдық демалыстан кейін астаналық клубқа қайта оралды.

2015 жылдан бастап Брэндон Қазақстанның ұлттық құрамасы үшін ойнайды. Жаңа - 11-маусымда «Барыс» клубы 5 қыркүйек күні Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» кездеседі. Ойын Астана уақытымен сағат 22.00-де басталады.

baq.kz

05 қыркүйек 2018 ж. 575 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30