» » ЖАСТАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

ЖАСТАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Қызылорда қаласында ауыл жас­өспірімдерінің республикалық II жаз­ғы спорт ойындары өтті. Оған бар­лық облыстың құрама командалары қатысты.

Ойын бағдарламасына ұлттық, бұқаралық және олимпиадалық спорт түрі енгізілген. Дүбірлі додада рес­публиканың 14 облысынан 2000-ға жуық ауыл спортшысы шеберлік бай­қасты.
– Сайыс спорттың 10 түрінен өтті. Атап айтсақ, волейбол, шағын-футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, грек-рим күресі, дзюдо, таеквондо, гандбол секілді спорттан Қызылора командасы үздік өнер көрсетті. Бұл шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру, саламатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, үздік спортшыларды анықтау, спорт резервін даярлау, – дейді №13 аудандық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөс­пірімдер мектебінің әдіскері Есқара Сералиев.
Айтулы спорт бәсекесінің нәти­же­сінде қызылордалықтар жеңіс тұғы­рынан көрінсе, келесі орынға Ал­маты командасы жайғасты. Ал ІІІ орын Түркістан жастарына бұйырды.
Облыс құрама сапында өнер көрсеткен жалағаштық Әсел Бейсенбай дзюдо күресінен І орынды жеңіп алса, Диас Айнабек пен Бекарыс Жаныс ІІ орынды қанжығасына байлады. Сонымен бірге, жерлесіміз Гүлнұр Бақытжан, Әділжан Данияр да таеквондо спорт түрінен үздік өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Н.АЛПЫСБАЙҰЛЫ.
15 қыркүйек 2018 ж. 991 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930