Данияр Елеусінов 20 қазанда рингке шығатын болды
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) кәсіби рингтегі кезекті айқасының алдында жаттығып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
2016 жылғы Олимпиада чемпионы Инстаграм парақшасына Флоридадағы (АҚШ) залда спарринг-сессиядан суреттер жариялады.
Еске салайық, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостонда рингке шығады. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Басты бокс кешінде Билли Джо Сондерс пен Деметриус Эндрейд айқасады. Алайда, өткен аптада допинг-сынамалардың бірінде Сондерстен оксилофрин табылған еді. Іс бойынша тыңдалым 8 қазанда Массачусетс Атлетика комиссиясының отырысында өтеді.
http://www.syrboyi.kz