» » Нұрмағамедов Макгрегорды жеңгеннен кейін неліктен төбелесіп кеткенін түсіндірді

Нұрмағамедов Макгрегорды жеңгеннен кейін неліктен төбелесіп кеткенін түсіндірді

ÐÒ±ÑмаÒамедов ÐакгÑегоÑÐ´Ñ Ð¶ÐµÒ£Ð³ÐµÐ½Ð½ÐµÐ½ кейÑн нелÑкÑен ÑөбелеÑÑп кеÑкенÑн ÑÒ¯ÑÑндÑÑдÑ

Аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы, ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов UFC 229 турнирінің басты жекпе-жегінде ирландиялық Конор Макгрегорды жеңгеннен кейін орын алған төбелестің себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Невада штатының атлетикалық комиссия мүшелерінен, Лас-Вегастан кешірім сұрағым келеді. Өзімді жақсы жағымнан көрсетпегенімді білемін. Бірақ, менде адаммын және неліктен менің октагоннан секіріп кетуіме қатысты осынша әңгімелер айтылып жатқанын түсінбеймін. Ал, менің дініме, еліме, әкеме қатысты айтылған сөздер туралы не ойлайсыздар? “Ол Бруклинде автобусқа шабуыл жасаған. Сол жерде бірнеше адамды өлтіре жаздады”, деген сөздер ше. Неліктен қазір бәрі менің тордан секіріп кеткенім туралы айтады? Мен соны түсінбеймін », – деді Нұрмағамедов.
Айта кетейік, бүгін 7 қазанда ресейлік жауынгер Хабиб Нұрмағамедов бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегорды жеңіп, чемпиондық атағын қорғап қалды. Бірақ, атаулы кештің жеңімпазы анықтала салысымен, Нұрмағамедов октагоннан секіріп шығып, Конордың жаттықтырушысы Диллон Дениске шабуыл жасады. Ал, сол уақытта ресейлік жауынгердің секунданттары Макгрегорға шабуыл жасады. Өкінішке орай, жанжал тек полицияның көмегімен шешілді. Ақырында, бұл төбелестен кейін Нұрмағамедов октагоннан белбеусіз кетті.


Stan.kz






08 қазан 2018 ж. 1 068 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930