Спорттағы мансабын аяқтамақ: Илья Ильин денсаулығының айтарлықтай сыр бергенін мәлімдеді
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин соңғы сәтте 2018 жылы өтетін жарыстан бас тартты.
Бұған спортшының денсаулығының сыр беруі себеп болған, деп жазады SportX.kz.
«Мен көп ойланып, қазақстандықтарға қалай жеткізсем деп жүрдім. Мен әлем чемпионатына қатыспаймын. Менің омыртқамда жарақат бары анықталды. Ол айтарлықтай ауыр жарақат. Алдағы мансабымның да қалай болатыны белгісіз. Бірақ олай шағым айта бергім келмейді. Бәрі жақсы. Ашхабадқа бапкер ретінде барам. Нижат Рахимовты алып шығам. Онымен бір жыл жұмыс істедік. Зульфия Чиншанломен бірге барамыз. Бапкерлерге, командаға көмектесем. Ойындағы бапкер ретінде барам», – деді Илья.
Спортшы қазақстандықтарға жағдайын айтпастан елден кете алмағанын айтты.
«Ауыр атлетика әлемінде менің енді шықпайтынымды білді. 8-9 ай деген чемпионатқа қатысу үшін аз мерзім. Менің жасым 30-да. Денсаулығым сыр бере бастады. Соңғы рет тіпті ауырлай бастады. Дайындықтарды өткізіп алдым. Маған өзіме келу керек. Бұл туралы жетекшілермен сөйлесем. Мені қайда жіберетінін білмеймін», – дейді ол.
«Бапкерлерім бәрі жақсы аяқталып, менің спортқа қайта оралатынынма шүбәсіз сенеді. Бұл жарақат менде 2016 жылы пайда болған. 8 ай бұрын дәрігерлер омыртқа арасындағы жарықтарды байқаған еді», – дейді спортшы.
Ильяның айтуынша, егер дәрігерлер рұқсат берсе, ол 2019 жылғы Азия чемпионатына дайындалмақ. Егер рұқсат берілмесе, спорттағы мансабын біржола аяқтамақ.
Пікір 1