» » Қазақстандық футбол клубтары былтыр ойыншылар жалақысына 25 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандық футбол клубтары былтыр ойыншылар жалақысына 25 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандық футбол клубтары былтыр ойыншылар жалақысына 63 миллион еуро жұмсаған. Теңгеге шаққанда 25 миллиардттан асады. Ал жуырда Алматының “Қайрат” командасының намысын қорғаған ресейлік легионер Андрей Аршавин жылына 2,5 млн еуро алған деген ақпарат тарады.


Осылайша, легионерлерге беретін қаржы жағынан Қазақстан әлемде 17-орынға жайғасыпты. Бірақ, бұдан отандық футболдың дамып жатқаны шамалы. Жыл сайын қыруар қаржы жұмсалса да, отандық клубтар неге Еуропада атой салмауда? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Отандық аяқдопшылардың алатын жалақысы ойын деңгейіне сәйкес келмейтіндігі бұған дейін бірнеше рет айтылған. Ал, бұл жолы жұмсалған 27 млрд теңге депутаттардың да шамына тиске керек, олар да футболшылардың жалақысын сынға алды. Халық қалаулылары Спорт және денешынықтыру комитетінің еліміздің клуб бюджеттері жайлы берген мәліметі шындыққа жанаспайды дейді.

“Біздің еліміздегі ең танымал спорт түрі, ол футбол. Ресми мәліметтерге сенсек, Қазақстанда аяқ доппен шұғылданушылар саны 600 мыңнан асады. Спорт мектептерінде 35 мыңнан астам бала тәлім алып жатыр. Ал, ресми тіркелген клубтар саны 45. Олардың барлығы жергілікті қазынадан қаржыландырылып келеді”, – дейді ҚР Парламент мәжілісіні депутаты Ахмет Мұрадов.

Бір ғана “Астана” футбол клубының бюджеті 12 млрд теңгені құраған. Осыған қарамастан еліміздің аяқдопшылары халықаралық аренада табысқа жете алмай келеді. Халық қалаулысы осындай пікірде. Тақырыпқа тұздық болсын деген оймен, бізде бір екі ақпарды қоса кетсек.

Спорт тақырыбында қалам тербеп жүрген журналист Амангелді Сейітханның пікірінше, еліміздің футболын жоғары деңгейге көтергіміз келсек, шеттен қыруар қаржыға ойыншы сатып алудың қажеті жоқ. Себебі, әр қиырдан келген аяқ допшылар Қазақстанның футболында шатағы жоқ, келісілген ақшаны алады, келісім-шарт біткен соң еліне кетіп қалады. Керісінше, аймақтардағы өзіміздің қаракөздерімізге тәлім беріп, нөмірі бірінші спорт түріне баулуымыз қажет.

«Балалар футболын дамытсын. Оған ақша бөлінген дұрыс қисынға келеді. Болмаса стадиондар салсын. ФОК дейміз, тағысын тағы, төсеніштер жасасын. Оған бюджеттен қаржы жұмсалған құба-құп іс. Ал, енді сырттан ойыншы әкеліп, оның агенті болады. Легионер деген ол – сен жалдадың, келіп жұмысыңды істеп кетеді. Қазақта бір мақал бар «біреудің малын, біреу ысқырып жүріп іздейді деген. Ол сенің футболыңды дамытуда шаруасы жоқ. Келдің, келісілген ақшаны бердің, соған ол ойнап береді», – дейді журналист Амангелді Сейітхан.

Тіпті, мансабының аяқталар тұсында елімізде 2 жыл доп тепкен Андрей Аршавиннің өзі жылына 1,5 миллион еуро табыс тапқан. Ал, бейресми ақпарат көздері Ресейлік ойыншы 2,5 миллионға дейін жалақы алды деген болжам айтуда. Аршавин доп тепкен клуб басшылары мұндай алып қашпа дақпырттарға сенбеуге шақырды. Кәсібилік тұрғыда шал тартқан шағында келіп бір-екі маусым жүгіріп, қалтасын қампайтып кететіндерді мүлдем шақырудың қажеті жоқ дейді, спорт майталмандары.

“Премьер-лиганың регламенті бойынша, әр клуб бір маусымға он легионерді ұсына алады. Бізде өткен жылы 9 шет елдік футболшы өнер көрсетті. Биылғы жаңа маусым басталмаған себепті, алда неше шетелдік ойыншы сатып алатынымызды айта алмаймын. Ал, қаржыландыру жағына келсек, бізді серіктесіміз бен қалалық әкімдік қаржыландырады”, – дейді Астана футбол клбының медиа офицері Дмитрий Нестеренко.

Еліміздің футбол сүйер қауымын мазалап отырған тағы бір мәселе, ол стадиондардағы ойын көру жайы. Халықаралық матчтар кезінде қауіпсіздікті сылтауратып, тәртіп сақшылары мыңға жуық орынға жанкүйерлерді отырғызбай қояды екен. Осы мәселе бойынша да Мәжіліс депутаттары алаңдаушылық білдірді.

“Стадионға кірген соң, тәртіп сақшылары дұрыс ойын көрсетпейді. Жанкүйерлер секторындағы бірінші және екінші қатарға мүлде адам отырғызбайды. Онда көрерменге арналған орындықтар не үшін салынған? Барлық дамыған елдерде ойынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлер алаң жиегінде отырады. Бірақ, бізде мүлде басқаша”, – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Магеррам Маггерамов.

Енді, қазақ футболы қаншалықты деңгейге көтерілгенін жуырда білетін боламыз. 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңін бастайтын Отандық аяқдопшылар 21 наурызда Шотландия құрамасын қабылдайтын болады. Жанкүйерлер сол ойында қазақ футболшыларының ойынына баға бере алады.

Stan.kz 
28 қаңтар 2019 ж. 576 1

Гость Jeaplause от 7 наурыз 2019 18:24
Why Discard Amoxil After Expire Effets Cialis Levitra cialis 5 mg Seguros Los Genericos De Cialis Free Dysfunction Samples

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930