«Қайсар» ресейлік командадан жеңілді
Түркияда «Қайсар» командасы Ресейдің Калининград қаласының «Балтика» командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Қызылордалық клубтың бас бапкері Стойчо Младенов бірінші кезеңде қақпашы Марсель Исламқұлов, қорғаушылар - Ілияс Әмірсейітов, Иван Граф, Иван Садовничий, Олжас Алтаев, жартылай қорғаушылар - Думан Нәрзілдаев, Марк Гурман, Асхат Тағыберген, шабуылшылар - Тигран Барсегян, Джон Джошуа, Игорь Зеньковичті шығарды.
Бірінші кезеңде ресейлік команда гол соқты (Илья Кузьмичев).
Екінші кезеңде «Қайсар» жаңа ойыншылар шығарды Енді қақпаға Александр Григоренко иелік етсе, қорғаныс шебіне Абдель Ламанж, Иван Граф, Марин Оршулич, Валентин Чуреев жауап берді. Ал жартылай қорғаныста Бекзат Құрманбекұлы, Мақсат Байжанов, Куле Мбомбо, Марат Хайруллин, Карлитос бой көрсетсе, шабуылда Братислав Пуношевац болды. Бұл кезеңде «қайсарлықтар» есепті теңестіргенімен, оны еселей алмады. Оның үстіне, 81-минутта өз айып алаңында тәртіп бұзды. Оны «Балтика» сапынан Игорь Портнягин мүлтіксіз орындады. Осылайша «Қайсар» бүгінгі қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Бұған дейін Қызылорда командасы Ресейдің «Нижний Новгород» клубынан 2:0 есебімен басым түскен еді.