» » Жүлде қоры миллион доллар CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді

Жүлде қоры миллион доллар CS:GO жарысында қазақстандық команда бірінші жеңісіне қол жеткізді

ÐекÑиÑÑ ÐаÑÑÑов. © hltv.org

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) жарысында қазақстандық AVANGAR командасы бірінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 
Польшада өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры - 1 миллион доллар. 

Топтық кезеңнің екінші ойынында қазақстандық киберспортшылар бразилиялық FURIA eSports командасын 16:14 есебімен жеңді. Fitch нигімен ойнайтын алматылық Бектияр Бахытов кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның рейтингі - 1,33. 

Осыған дейін, бірінші ойында AVANGAR 8:16 есебімен аустралиялық Renegades командасынан жеңілген еді. Қазіргі уақытта қазақстандық команда топта тоғызыншы орында тұр. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді. Келесі ойында AVANGAR француздың G2 Esports киберспортшыларымен кездеседі. 

Турнир Польшаны Катовице қаласында 14 ақпан - 3 наурыз аралығында өтеді.

Айта кетейік, тағы екі қазақстандық негізгі кезеңде өнер көрсетеді. Еліміздің үздік киберспортшысы Дәурен Adren Қыстаубаев FaZe Clan командасының намысын қорғайды, ал оның бұрынғы серіктесі Абай Hobbit Хасенов HellRaisers командасында ойнайды.  Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандықтар рейсейлік Gambit командасы сапында киберспорттан Краков қаласында өткен мәртебелі жарыста жеңіске жеткен еді. 

14 ақпан 2019 ж. 598 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 191

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031