Болгариядағы бокс турнирінде бес қазақ жартылай финалға шықты
Елімізден барған 10 боксшының бесеуі жартылай финалға жолдама алды.
Болгария астанасы София қаласында бокстан халықаралық «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шығыс Еуропадағы дәстүрлі жарысқа ұлттық құраманың көшбасшы 10 боксшысы барған. Оның ішінде тоғызы 2018 жылғы Қазақстан чемпионы. Тек 75 келідегі Әбілхан Аманқұл жарақат алғандықтан оның орнын Ерік Әлжанов басты.
Отандастарымыздың арасынан 1/8 финалда үшеуі ұтылды. Атап айтсақ, 52 келідегі Әнуар Мұзаппаров үнді боксшысы Гаураву Соланкиге есе жіберді (2:3). Әлем чемпионы Қайрат Ералиев (56 келі) жергілікті спортшы Боян Асеновтен айласын асыра алмады. Сондай-ақ түркістандық Бек Нұрмағанбет те (81 келі) жарысты ерте аяқтады. Ширек финала ұлттық құраманың капитаны Қамшыбек Қоңқабаев (91 кеді) жарыс қожайыны Петар Белберовтен ұтылды.
Есесіне, бес боксшымыз жартылай фниалға жолдама алды. Ширек финалдың нәтижелері:
49 келі. Теміртас Жүсіпов – Эргунал Сабри (Болгария) – 5:0
60 келі.Зәкір Сафиуллин – Отар Эраносян (Грузия) – 4:1
64 келі. Санатәлі Төлтаев – Шензи Ки (Қытай) – 5:0
69 келі. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) – Шахабас Махмудов (Ресей) – 4:1
91 келі.Василий Левит – Джаред Андерсон – 4:1
+91 келі.Қамшыбек Қоңқабаев – Петар Белберов (Болгария) – 2:3 Жартылай финалда кездесетіндер:
49 келі. Теміртас Жүсіпов – Леандро Хосе Бланко (Аргентина)
60 келі. Зәкір Сафиуллин – Шункор Абдурассулов (Өзбекстан)
64 келі. Санатәлі Төлтаев – Андерсон Оливейре (Бразилия) 69 келі. Абылайхан Жүсіпов – Евгений Барабанов (Украина)
91 келі. Василий Левит – Абнер Джуниор (Бразилия).
ERNUR.KZ