» » Универсиада: Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдеге таласады

Универсиада: Қазақстан студенттер құрамасы қола жүлдеге таласады

Қазақстан студенттер құрамасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ.



УнивеÑÑиада: ÒазаÒÑÑан ÑÑÑденÑÑÐµÑ ÒÒ±ÑамаÑÑ Òола жүлдеге ÑалаÑадÑ


ERNUR.KZ. Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатқан қысқы универсиада ойындары аясында шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Словакия құрамасынан жеңіліп қалды. Енді олар қола жүлде үшін сайысқа түседі, деп жазады ҚазАқпарат.

Аталмыш кездесуде есеп 4-минутта ашылды. Словакия сапынан Ян Злоха мергендік танытты. Ал 30-минутта Эрик Смокла словак құрамасының басымдығын арттыра түсті. Аталмыш құрама сапынан 36-минутта Себастиан Смида есепті ұлғайтты. Ойынның бітуіне 38 секунд қалғанда словакиялық хоккейші Даниэль Рзавски есепті ұлғайтты - 0:4. Қазақстан құрамасы универсиадада алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстан студенттер құрамасы топтық кезеңде бірде-бір ұпайды шашау шығарған жоқ. Қазақстандық хоккейшілер Латвияны 10:1 есебімен жеңсе, одан кейін Швециядан 5:1, Ұлыбританиядан 17:1, Швейцариядан 7:0, Канададан 4:3 есебімен басым түсті .

Жартылай финалдың тағы бір кездесуінде Ресей Канаданы 5:1 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан жастары 12 наурыз күні Канадамен шеберлік байқасады. Аталмыш ойын Астана уақытымен 14.00-де QazSport телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі. 

ERNUR.KZ
12 наурыз 2019 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30