Парадзюдо: Қызылордада алғаш рет
Қызылордада “Мұз айдыны” спорт кешенінде парадзюдодан халықаралық ашық турнир өтті. Оған елімізден бөлек, Грузия, Румыния, Біріккен Араб Әмірлігі, АҚШ мемлекеттерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты. Шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов ашты.
– Мұндай жарыс Сыр елінде бірінші рет өтуде. Белдесуге дайындық деңгейі жақсы. Бүгінде парадзюдо бойынша өңір жастарының жеткен жетістіктері көңіл қуантады. Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Азамат Тұрымбетовтің жеңістері аймақ спортына соны серпін берді. Өткен жылы арнайы ашылған клубта кәсіби түрде спорттың әр түрінен 300-ден аса спортшы айналысуда. Биыл 22 спорт кешені іске қосылатын болады, – деді басқарма басшысы.
Өз кезегінде ҚР парадзюдо федерациясының президенті Қанатқали Досалиев дзюдошыларға сәттілік тілеп, аймақ басшылығы мен Сыр жұртшылығына алғысын білдірді.
Облыстың спорт тарихында бірінші мәрте ұйымдастырылып жатқан дүбірлі бәсекеде палуандар 8 келі салмақта белдесті. Халықаралық турнирге қатысушылардың қатарында Қазақстан паралимпия спорты тарихындағы алғашқы Əлем чемпионы Олжас Оразалыұлы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Дəулет Теміржан, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Əнуар Сариев, Əлем жəне Паралимпиада ойындарының чемпионы Звиат Гогочули, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Алексу Болога, Əлем чемпионатының қола жүлдегері Гиорги Гамджашвили бар.
Белдесудің нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші, Грузия екінші, Румыния үшінші орындарды иеленді.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген
Нұрболат Нұржаубай.