Аршавиннің әйелі футболшыдан 2 млн теңге алимент өндіріп алды
Андрей Аршавиннің бұрынғы әйелі Алиса Казьмина күйеуінен 2 млн (340 мың рубль) теңге көлеміндегі алимент өндіріп алды деп хабарлайды "Комсомольская правда" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алайда футболшының 37 жастағы бұрынғы әйеліне бұл қаражат аздық еткен.
Ол енді бұл соманы он есеге дейін ұлғайтпақ.
Алиса Казьминаның адвокаты әлемдегі ең танымал заңгер - Александр Добровинский.
"Менің қызметіме жүгінген адам әрқашан жеңіске жетеді. Біз қазіргі таңда талап етілген соманың 23 млн 688 мың 427 теңгеге (4 млн рубль) жуықтағанын айттық. Ал қалғаны сот шешіміне байланысты", - дейді Александр Добровинский.
Заңгердің мәліметінше, сот жұбайларды татуласуға жіберген. Ал соттың жалғасы 4 маусым күні болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, Андрей Аршавин мен Алиса Казьмина 2012 жылы Лондонда танысқан.
Ал 2016 жылдың 1 қыркүйегінде футболшы мен модель некесін қидырып, 2017 жылы олардың ортақ ұлы дүниеге келеді.
KAZ.NUR.KZ.