» » Алиментке қарыз болғанша, әкелік парызыңды өте

Алиментке қарыз болғанша, әкелік парызыңды өте

Парыз – адамның ел-жұрт, мемлекет пен қоғам алдындағы борышын білдіретін әдептік ұғым.
Аудандық соттың өндірісіне 2017 жылы өн­діріп алушының пайдасына борышкердің барлық айлық табысының және (немесе) өзге кірісінен алимент өндіру жөнінде барлығы 50 арыз түскен, барлығында борышкерден алимент өндіру жө­нінде сот бұйрығы шыққан.
Қазақстан Республикасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 138-бабына сәйкес ата-аналары жасы кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті.
Ал, осы Кодекстің 138-бабының 3-бөлігінде ата-аналардың алимент төлеу туралы келісімі болмаған кезде, кәмелетке толмаған балаларға күтіп-бағу қаражаты берілмеген кезде және сотқа талап-арыз берілмеген кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алимент өндіріп алу туралы талап-арыз беруге құқылы екені көрсетілген.
Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 139-бабының 1-бөлігінде нақтыланған.
Кодексінің 164-бабының 2-тармағына сай алимент сотқа өтініш берген уақыттан бастап өндіріледі.
Борышкер мәлімделген талапқа қарсылығын сот бұйрығын шығарған сотқа сот бұйрығының көшірмелерін алған күннен бастап немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жіберуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 243-бабының 1-бөлігінде алименттер алып беру туралы сот актісі дереу орындалуға жататын шешімдер екені көрсетілгенмен борышкер, яғни отағасы, балалардың әкесі алимент төлеуден жалтарып, қашып, айлық табысын және өзіне тиісті дүние-мүлікті басқа адамның атына жаздырып сот шешімін орындаудан жалтарады.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында, борышкер сот шешімін орындаудан жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылатыны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 430-бабына сәйкес жауаптылық заңды күшіне енген сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты алты айдан астам орындамауы, сол сияқты оларды орындауға кедергі жасауды анықтаған кезде ғана туындайды.
Алимент төлемей әкімшілік жауапкершілікке тартылып, істі болып жүргеннен гөрі, ұрпағыңның алдында парызыңды өтеп жүргенің абзал ғой.
Азаматтық парыз адам құқықтарын қастерлеумен тығыз байланысты. Кез келген адам өз құқықтарын пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге қоғам, заң және басқа тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сезіну қажет.

Б.Исағабылов,
Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі,
аудандық соттың бас маманы.
24 сәуір 2018 ж. 1 182 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930