» » » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық байқауының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық байқауының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды

Жалағаш ауданында өнегелі құн­ды­лық­тарды жаңғыртуға және отбасы мен не­кенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға ба­ғытталған «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ұлттық байқауының аудандық деңгейдегі бірінші кезеңі басталды.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) Отбасы институтын, адамгершілікті, ру­ха­нилықты нығайту, жауапты ерлі-зайып­ты­лықтың маңызын тану:
2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жа­уап­кершілігін арттыру;
3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке тол­ған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау.
4) Қазақстандық отбасының жағымды имид­жін насихаттау.

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорт­тағы, шығармашылық, зи­ят­керлік, ғылыми же­тістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
1) Қызметі Қазақстан Республикасының ау­мағында тыйым салынған ұйымдардың құра­мына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

Комиссия үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алады:
1) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
2) отбасының рухани-адамгершілік құнды­лықтары;
3) балаларының жетістіктері;
4) ата-аналарының үлгі тұтарлықтай жетіс­тіктері:
5) өздерінің шыққан тегін білу (шежіре – ру тарихы);
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің са­ны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұр­пақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақытта және т,б.);
9) отбасының қоғамдағы беделі.

Конкурсқа қатысуға өтінім аудандық комиссияға конкурстың басталғаны туралы көпшілікке мынадай құжаттармен бірге беріледі.
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қам­қоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар­ үшін – жергілікті уәкілетті органның кәме­летке толмаған балаға қорғаншылықты (қам­қор­шы­лықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі - бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған кө­­­­тер­мелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куә­ландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорған­шы­лардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжаттар 2018 жылдың 7 ақпан - 25 сәуір аралығында аудандық ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Мекен-жайы: Жалағаш кенті, Абай көшесі №68, байланыс телефоны: 31-9-99.
11 сәуір 2018 ж. 1 423 1

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 07:33
Viagra Omeprazole Interaction Levitra Bayer Posologia priligy en pharmacie en belgique Photo Of Amoxicillin West Pyridium Best Buy Cheapeast Express Delivery Cialis Interaccion Con Otros Medicamentos

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930