» » Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері жалағаштықтармен кездесті

Республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері жалағаштықтармен кездесті


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға байланысты республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшелері бүгін Жалағаш ауданында аудан тұрғындарымен кездесті. 
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Тажмахановтың төрағалығымен өткен бас қосуға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Б.Бекешов, кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Ш.Ахметов, аймақтарды талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары А.Әбдікәрімов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Досжанов қатысты. 
Арнайы Елбасымыздың Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау мен түсіндіруді көздеген насихаттық топ мүшелері жиын барысында ауқымды баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді. 
Кездесу соңында жиынға қатысқан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Жалағаш аудандық филиалының директоры С.Карипов және аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова өз ұсыныстарын білдірді.
21 ақпан 2018 ж. 1 056 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930