Сот кабинетінің пайдалану тәртібі Елбасының Судьялардың VІ-сьезінде берген тапсырмаларын және Сьездің қаулысын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен жергілікті соттардың интернет-ресурстарында «Сот құжаттарымен танысу», «Сот кабинеті» электронды сервистері іске асырылды.Жеке тұлғалар мен олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқылы. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелуі қажет.«Сот кабинетінде тіркелген» адам электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдалаушысы болып табылады. «Сот кабинетіне» авторизациялау ЖСН-нің немесе БСН-нің және парольдің көмегімен жүзеге асырылады. Арыз (өтініш) берген кезде заңды тұлғаның өкілі авторизацияны БСН арқылы жүзеге асырады.Электрондық құжаттарды беру беру сервисін пайдалаушы «Сот кабинетіне» авторизациялау рәсімінен өткеннен кейін, талап арызбен, сот отырысының хаттамасын ұсыну туралы арызбен, сот отырысының хаттамасына ескертумен, өтінішпен сотқа жүгіне алады.«Сот кабинеті» арқылы талап арыз беру үшін интернеттегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының интернет-ресурсындағы www.sud.kz сайтына кіріп, сайттың оң жақ шетінде «Сот кабинеті» қосымша бетіне кіріп, қарапайым ғана тиісті әрекеттерді жүзеге асырып, арызыңызды тиісті сотқа жөнелте аласыз. Бұл талап арыз сотқа түсіп, қабылданған уақытта тіркелгені жөнінде хабарлама келеді. Бұл сервис тиімді әрі көп уақыт алмайды.Қ.Сақтағанова,Қызылорда қаласының№ 2 соты жетекші маман Қоғам 27 ақпан 2018 ж. 1 505 0