"Ешқашан ұмытпаймын": Димаш Құдайбергеннің Денис Тен туралы жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті
Италия мен Испанияда өткен әлем чемпионатында Димаш Құдайбергеннің әніне өнер көрсеткен көркем гимнастшы алтын алды, деп xабарлайды Stan.kz тілшісі.
Бұл жайлы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырып, видео жариялады. Спортшылардың өнеріне тәнті болған Димаш Денис Тенді еске алып, бір мұңайып алды.
"Жақын арада Италия мен Испанияда өткен әлем чемпионатындағы талантты спортшылардың өнер көрсетуі. Сіздерге шын жүректен жеңіс тілеймін. Денистің осы әуенге қалай керемет өнер көрсеткенін ешқашан ұмытпаймын", - деп жазды өнер иесі.
Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан Димаш Құдайбергеннің "Sos dun terrien" әніне өнер көрсеткен Александра Солдатова болды. Алдағы уақытта спортшы Бакуде өтетін Европа чемпионатында өнер көрсетпек. Сонымен қатар, Димаштың әніне рессейлік спортшылар Женя Тарасова мен Владимир Морозов та өнер көрсетіп, үздіктердің қатарынан көрінген.
Stan.kz
Stan.kz