» » » Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауында өнер көрсетеді

ÐÐ¸Ð¼Ð°Ñ ÒұдайбеÑген

Жақында Лондон төрінде концерт берген Димаш Құдайберген “Әлем аруы-2018” байқауында ән шырқамақ. Бұл туралы Димаштың өзі желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“8 желтоқсанда “Әлем аруы-2018″ байқауында қатысушыларды қолдап, ән арнаймын. Көріскенше”, – дейді Димаш.
Бұл жаңалықты естіген қазақ халқы Димаш үшін қуанып, оны құттықтауда.
“Біздің Димаш ең сымбатты. “Әлем аруы” байқауына шақыртудың өзі – біздің алтын баламыздың талантын әлемнің мойындағаны”, – дейді оқырмандардың бірі.
“Жарайсың! Дүниежүзілік іс-шараларда қазақ елінің атын танытып жүре бер! Əлемнің сұлу қыздарына нағыз қазақ жігіті қандай екенің көрсет!” – дейді тағы бір тыңдарман.


Stan.kz

24 қараша 2018 ж. 846 0