Әлем кубогі: М.Медетов пен Т.Хайдаров каное есуден қола медаль иеленді
Польшадағы әлем кубогі кезеңінде Тимур Хайдаров пен Мерей Медетов екі адамдық каное есуден қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
200 метрге жарысудан Медетов пен Хайдаров жұбы мәреге үшінші болып келді. Бірінші орынды Польша, екінші орынды Беларусь спортшылары еншілеген. Сондай-ақ, финалда сынға түскен тағы қазақстандықтар Виктор Степанов пен Владимир Петров жұбы жарысты бесінші орынмен аяқтады. Төрт адамдық байдаркамен 500 метрге жарысудан Илья Голендов, Андрей Ергучев, Дәулет Сұлтанбеков, Александр Емельяновтар бар болғаны 16-орын алды. Бір адамдық каноемен сынға түскен Ануар Акчурин 500 метрлік жарыста 17-орыннан көрінді. Екі адамдық байдаркамен 200 метрге жарысуда Сергей Токарницкий мен Иван Лукьянов 8-сатыға тұрақтады.
https://24.kz