Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері GGG мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан және қайда өтуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Ол реванштың биыл 14 қыркүйекте өтетінін мәлімдеді. Кездесу Madison Square Garden (Нью-Йорк, США), AT&T (Арлингтон, Техас штаты) және Alamo Stadium (Сан-Антонио, Техас штаты) ареналарының бірінде болуы ықтимал. Боксшылардың алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары қыркүйекте Лас-Вегаста өткен болатын. Біріншісі тең есеппен аяқталса, екінші кездесуде «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жетті.