» » Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Бір сағаттан аса уақытқа созылған ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.

Ð®Ð»Ð¸Ñ ÐÑÑинÑева ÓлемнÑÒ£ бÑÑÑнÑÑ ÑакеÑкаÑÑн жеңдÑ


ERNUR.KZ. Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы турнирде қазақстандық Юлия Путинцева әлемнің бірінші ракетасы жапониялық Наоми Осаканы жеңді, деп жазады baq.kz.

Путинцева 1/8 финалда әлемнің бірінші ракетасы, Жапониядан келген Наоми Осакамен кездескен болатын. Бір сағаттан аса уақытқа созылған ойында Путинцева 6:2, 6:3 есебімен қарсыласының осал тұсын тапты.

Енді, бүгін германиялық Юлия Гергес жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Қарсыласы – кеше ресейлік Евгения Родинаны жеңді. Гергес әлемдік рейтингте 19-орында орналасқан. Екеуі бұған дейін өзара үш рет кездескен. Оның барлығында қарсыласының жолы болған. 24 жастағы Путинцева әлемдік рейтингте 43-сатыда.
 
ERNUR.KZ
21 маусым 2019 ж. 528 0