Көшербаев Қызылордада несімен есте қалды?
28 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады http://turkistannews.kz.
Қызылорда облысының экс-әкімі өңірде қандай істермен есте қалды?
Облыс әкімі лауазымында Қырымбек Көшербаев өңдеу өнеркәсібінің өсу серпінін, инвестиция салуды, құрылыс жұмыстарын сақтауға және халық үшін тұрғын үй пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Бұл соңғы 6 жыл ішінде өңірде мұнай мен газ өндіру көлемінің азаюына қарамастан орын алған істер тізбегінің тек бастауы.
Қызылорда облысы өңір тұрғындарын жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қорғау және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін басты назарда ұстауда. Бұдан басқа, облыста негізгі капиталға инвестиция өсімінің оң серпілісі байқалады. Облыс экономикасына шамамен 1,7 трлн.теңге тікелей инвестициялар құйылған. Тек соңғы, 2018 жылы инвестиция көлемі 25,5% - ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 37,6% - ға өсті. Сонымен қатар, инвестициялардың өсуі кәсіпорындардың меншікті қаражаты салымының 22,4% - ға өсуі есебінен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, өңір өңдеу өнеркәсібінде 2 есе өсімді көрсетті. 2013 жылдан бастап 71 жаңа өнеркәсіптік өндіріс іске қосылды. Нәтижесінде облыс негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны бойынша көшбасшылардың үштігіне енді.
6 жыл ішінде облыста 69100 жаңа жұмыс орны құрылса, оның ішінде 60 098 тұрақты жұмыс орны. Жұмыссыздық деңгейі 5,2% - дан 4,8% - ға дейін төмендеді. Соңғы бес жылдың өзінде бұл көрсеткіш ел бойынша орташа деңгейден аспайды – бұл оңтүстік өңір үшін маңызды жетістік.
2017 жылы апатты тұрғын үй мәселесі толық шешілді. 2013 жылдан бастап, нуқан басталғалы бері апатты жағдайдағы үйдің 645 тұрғыны жаңа пәтердің кілтін еншіледі.
Облыста көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Ағымдағы жылы облыс әкімдігі Болат Өтемұратов қорымен 100 пәтерлік 50 үйдің құрылысы туралы Меморандумға қол қойды. Бұдан басқа, жергілікті бюджет есебінен 50 пәтерлік 25 үй салу жоспарлануда.
Облыстың тұрмысы төмен отбасыларын қорғау және қолдау саласындағы оң тәжірибесін атап өткен жөн. Мәселен, облыс басшылығының мәліметінше, 26 мыңға жуық оқушы ыстық тамақпен, 18 мыңнан астам бала киім-кешекпен қамтамасыз етілген. Он мыңнан астам оқушы жыл сайын сауықтыру шипажайларына жіберіліп, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан студенттерге 50 пайыз жеңілдік беріледі.
900-ге жуық аз қамтылған отбасынан шыққан ұл-қыздарға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға облыс әкімінің арнайы гранты табысталды. Өңірде апатты жағдайдағы мектептер мәселесі шешілді, олардың орнына 37 жаңа мектеп салынды.
2015 жылы "Балапан" бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалып, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 100% қамту қамтамасыз етілді.
Қызылорда облысы - Ресейдің жетекші техникалық ЖОО-да өз мектептерінің 520 түлегі РФ үкіметінің гранты бойынша білім алған елдегі жалғыз облыс.
"Серпін" бағдарламасы аясында Қызылорда мектептерінің 4 мыңнан астам түлегі еліміздің солтүстік және Орталық өңірлерінің жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді.
Мұнан бөлек, облыс орталығы Қызылорда қаласы қайта түлеп, инфструктурасы жаңғырды. Қалада сол жағалау пайда болып, жаңа мөлтек аудандар тұрғызылуда.
https://syrboyi.kz