» » ӘРБІР ЖЫЛ – ЖАҢА СЫНАҚ, ТЫҢ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІ

ӘРБІР ЖЫЛ – ЖАҢА СЫНАҚ, ТЫҢ ТӘЖІРИБЕ КЕЗЕҢІ


Есепті кездесуге ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Н.Тілешов, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің бас инспекторы С.Қизат қатысты.  Есепті кездесудің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «QYZYLORDA» телеарнасынан тікелей эфир арқылы және облыс әкімдігінің ресми интернет ресурсында, YouTube сервисінде және Facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимінде жұртшылық назарына ұсынылды. Барлық аудан әкімдіктері мен Байқоңыр қаласымен арнайы бейнебайланыс орнатылды. Халықтың ұсыныс-пікірлерін жинау үшін барлық әкімдіктерде және адамдар көп жиналатын орындарда жәшіктер қойылған. Сонымен қатар арнайы call-орталық және сайт қызметі жұмыс жасады.

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУДЕГІ БАЯНДАМАСЫ

Қадірлі жерлестер, құрметті әріптестер!Соңғы 10 жылда Қазақстан әлемдік тұрақсыз жағдайларға, жағымсыз сыртқы әсерлерге қарамастан дамып келеді. Талай сындарлы сәттерден де сүрінбей өттік. Мұның барлығына Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы мемлекеттік стратегиясы мен дер кезіндегі шешімдерінің арқасында қол жеткізгенімізді Сіздер мен біздер жақсы білеміз.2007-2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарысқа жауап ретінде Үдемелі инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылданып, қазір оның екінші бесжылдығы іске асырылып жатыр.2014-2015 жылдары сыртқы жағымсыз әсерлерден болатын  жағдайларды ескере отырып, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың ауқымды бастамасын көтерді.Мемлекетті нығайту және «2050 Стратегиясын» жаңа жаһандық талаптарға сай жүзеге асыру үшін 5 институционалдық реформа мен оларды іске асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ұсынылды.«Дағдарыс – мүмкіндік» формуласы негізінде Қазақстан қиын сәттерде жұдырықтай жұмылып, сынақтардан шынығып, жаңа жоспарлармен, сеніммен алға қадам басып келеді.Санамызды серпілтіп, жігерімізді жаныған, түрлі оқиғаларға толы 2017 жылды да артқа қалдырдық. Әрбір жылдың өз жақсылығы мен жаңалығы, қызығы мен қиындығы болады. Зерделеп көрсек, әр жыл – жаңа сынақ, тың тәжірибе кезеңі.Былтырғы басты саяси оқиғаның бірі – Елбасы ұсынған Конституциялық реформа болды. Мемлекет басшысының 35 билік өкілеттілігі Парламент пен Үкіметке берілуі, қоғамды одан әрі демократияландыру үдерістерін жүйелі дамыту,  оның ішінде саяси, барлық билік тармақтарының жауапкершілік деңгейін жоғарылату жолында келе жатқанымызды дәлелдейді.Еліміз «жасыл» технологияны дамыту идеясын ұстанудың бұлжымастығын тағы да көрсетіп, елордамыз – Астанада ТМД елдерінің арасында бірінші болып EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» ірі халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді. Қазақстан Көрмені өткізу құқығын әлемнің 160 елімен бәсекеде жеңіп алды.Әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандық өзгерістердің жаңа кезеңінде Мемлекет басшысы елде Үшінші жаңғыруды (3.0 жаңғыру) өткізуді жариялады, саяси, экономикалық және рухани салаларда жаңарудың нақты міндеттерін қойды.Алайда, экономика, саясат, қоғамдағы өзгерістер біздің санамыз жаңғырмайынша жүзеге асырылмайды. Жаңа дәуір жаңғыруының бірінші нәтижесі – қазақстандықтардың ұлттық санасының жаңғыруы – «Рухани жаңғыру», сондықтан, зерделі заманауи қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру 21 ғасырда елдің бәсекеге қабілеттілігінде шешуші маңызға ие болады.Елбасының осы жылдың басында Вашингтонға жасаған сапары  және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі біздің еліміздің және Президентіміздің бейбітсүйгіш конструктивті сыртқы және ішкі саясатының халықаралық қауымдастықта зор құрметке ие екендігін көрсетті. Бұл – шын мәнісінде Тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткен табыстарымыздың көрсеткіші!
Құрметті жерлестер!
Әдетте, жыл басында өткен жылға қорытынды, ал, жаңа жылға  жоспарлар жасалады.Бүгін біз өткен 2017 жылы атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесін бағалаймыз. Бұл – менің облыс басшысы ретінде Сіздердің алдарыңыз-дағы бесінші есептік кездесуім.Атқарылатын жұмыстар жұртшылыққа айқын, ашық болуы үшін біз, өздеріңіз білетіндей, жыл сайын облыс әкімінің Жұмыс жоспарын бекітіп, оны бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде ¬жария¬лаймыз. Бұл – өз ықтиярымызбен ел мен биліктің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін жасалған қадам.2017 жылға арналған Жұмыс жоспарының негізгі басымдықтары – жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами әлеуетті дамыту, алып-сатарлық жолмен бағаның көтерілуіне жол бермеу, экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және халықаралық қаржы ұйымдарын тарту арқылы инфрақұрылымды дамыту секілді мәселелер болды.Жоспарланған 320 іс-шараның 232-сі орындалды, ал, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы қалған шараларды жүзеге асыру биыл да жалғасатын болады.Атқарылған жұмыс нәтижелері оларды салыстырмалы түрде сараптағанда ғана айқындалады. Сондықтан, көрсеткіштерге сүйенген жөн болар.Мемлекет басшысы айқындап берген және 2013 жылдан бастап біз алдымызға қойған басты міндет – бұл  экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болып табылады.Өнеркәсіп өндірісінің шамамен 70%-ы мұнай мен уран өндірудің үлесінде екенін, бұл ретте, кейбір мұнай ұңғымаларынан шыққан шикізаттың қазірдің өзінде 98%-ы суланғанын ескерсек, біз үшін бұл – бірден-бір жол (мұнай өнімі жыл сайын орта есеппен 12%-ға, газ – 11%-ға ал,  уран 10%-ға азаюда. 5 жыл ішінде біз  4,2 млн тонна мұнай өні¬мін жоғалттық).Біз 2017 жылы бір ғана көрсеткіш бойынша - мұнай өндіруде ғана оң векторға қол жеткізе алмауымызға себеп болған осы фактор - өнеркәсіп өндірісінің көлемін төмендетті (ИФО – 95,7%). Өңірдің даму қарқынын көрсететін барлық басқа макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Дегенмен, өңір экономикасындағы жүзеге асқан құрылымдық өзгерістердің арқасында біз ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі бойынша 100%-дық көлемге қол жеткіземіз деп сенеміз (пессимистік болжам – 100,8%, оптимистік болжам – 102%).Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл бойы біз көмірсутегі мен уран шикізатының бағасы түсіп кеткен күнде де тұрақты дами алатынымызды дәлелдедік. Яғни, бір сөзбен айтқанда, бес жылда атқарған жұмыстар нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп толығымен айта аламыз. Бұл – өте маңызды жетістік!«Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей! Мүмкін, дағдарыс, көмірсутегі бағаларының құлдырауы сияқты сынақ ретінде бізге сілкініс керек болған да шығар...Бес жылда облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы – ірі және орта кәсіпорын.Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға артты.Жалпыөңірлік өнім көлемі бойынша 2017 жылдың қорытындысы шықпағанымен, 2016 жылдың нәтижелері облыста жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) құрылымындағы өңдеуші сектордың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқанын көрсетті!Ағымдағы жылы шыны және тампонажды цемент өндіретін зауыттарды, үш окись молибден өндірісін іске қосамыз.Өздеріңіз білесіздер, осы айдың басында  Қытай Халық Республикасына жасаған сапар барысында біз әлемде шыны өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі, облысымызда шыны зауыты құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырып жатқан  «ChinaTriumph International Engineering» («Чайна Триумф Интернейшнл Инжиниринг») компаниясының басшылығымен және тампонажды цемент шығаратын зауыт құрылысының жобасын жүзеге асырушы "ChinaGezhoubaGroupCement" («Чайнагежуба групп цемент») компаниясының басшыларымен кездестік.Екі компания да салып жатқан зауыттарын ағымдағы жылы іске қосатындарын растады.Шыны зауытының құрылыс-монтаждау жұмыс¬тары маусым айында аяқталатын болады, ал, шілде айының басында пешін іске қосамыз. Зауыттың технологиясы ерекше болғандықтан, сапалы өнім алу үшін пешті 3 ай көлемінде қыздыру қажет. Алғашқы қазақстандық шыныны биыл қыркүйек айының соңында шығаратын боламыз.Бұдан бөлек, «Чайна Триумф» компаниясымен біз шыны зауыты жобасының екінші кезеңі – гаджеттерге арналған ултьражұқа шыны шығару жобасын іске асыру мәселесін де талқыладық.Жақын арада біз әріптестерімізбен аталған жоба бойынша нақты келісімдерге келеміз деп ойлаймын.Біз, сондай-ақ,  "ChinaPolyGroupCorporation" («Чайна поли групп корпорейшен») компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргіздік, бұл – құрамына 102 кәсіпорын кіретін, ірі мемлекеттік  инженерлік-технологиялық құрылым. Компания жұмысының ауқымдылығы бізге зор әсер қалдырғанын айту керек.Бірлескен жұмыс тобы құрылып, инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыстар басталып кетті.Жазға қарай, Түркиялық «YıldızlarSSS Holding» («Юлдызлар ССС холдинг») компаниялар тобымен бірлесіп, жылына 27 млн. шаршы метрге  дейін керамикалық плита және керамикалық гранит шығаратын зауыт құрылысын бастайтын боламыз. Биыл жобаның бірінші кезеңінің құрылысы басталады, қуаттылығы – 9 млн. шаршы метр.Осы жылдың көктемінде Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құры¬лысына кірісеміз.Бұл – республика бойынша, толығымен шет елдерден жеткізілетін кальцийлендірілген соданың 75%-ын отандық өніммен қамтамасыз ететін алғашқы заманауи зауыт болмақ.  Қазір залда «Арал тұз» АҚ акционері және «АралСода» ЖШС құрылтайшысы Мұқашев Дәурен отыр. Сізден қызылордалықтарды өз жоспарыңызбен таныстыруыңызды сұраймын.
Дәурен Мұқашев, «Аралтұз» АҚ акционері және «Аралсода» ЖШС құрылтайшысы:
Соңғы 3 жылда «Аралтұз» компаниясы индустрияландыру бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялаудың инвестициялық жобасын жүзеге асырып келеді. Испандық технология бойынша жаңа цехтар іске қосылды. Егер 2013 жылы 100 мың тонна өнім өндірілсе, биыл 400 мың тонна өнім өндіру жоспарланған. Компания мұнымен шектеліп қалмай, өндірісті әртараптандыруды қолға алды. Кальцийлендірілген сода зауытының құрылысын бастауға шешім қабылдадық. Өйткені натрий хлор мен  тұз кальцийлендірілген сода шығаруға негіз болады. Ал кальцийлендірілген сода шыны өндірісінің шикізаты болып есептеледі. Оған қоса химия өнеркәсібінде қолданылады. Сондықтан біз шығаратын өнім жаңа шыны зауытын қажетті шикізатпен қамтамасыз етпек.
Айтқандай, осы жобаның бастамашысы болып табылатын «Аралтұз» Индустрияландыру картасы аясында тұзды өңдейтін екі испандық цехты  іске қосты.Зауытты жаңғырту еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтуға және жұмысшылардың айлық жалақысын 60%-ға көтеруге мүмкіндік берді.«Аралтұз» АҚ бүгінде өз өнімінің 65%-ын шетелге экспорттайды. Тек соңғы 3 жылда Ресей ас тұзы нарығының 13%-ын «Аралтұз» өнімі қамтамасыз етуде.Көлемін көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші! Оның үстіне, кәсіпорын өз өнімін сату нарығын да ұлғайтуда. Мысалы, өткен жылы Арал тұзы Әзербайжанға да экспорттала бастады. Мұнан бөлек, «Аралтұз» АҚ 2018 жылдан бастап ас тұзын өндіруді 25 пайызға, ал 2021 жылдан екі есеге арттырады. Бұл –жаңа жұмыс орындары да ашылады деген сөз.Біз үстіміздегі жылы іске қосуды жоспарлап отырған өндірістер – еліміздегі жаңа технологияларды қолдана отырып, экспортқа бағытталған аса ірі нысандар болмақ. Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік болуы тиіс.Бұл – Мемлекет басшысының  биылғы Қазақстан халқына Жолдауында біздің алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі.Бүгінде біз жалпы құны 500 млрд.теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба бойынша нақты жұмыс жүргізудеміз.  Соның ішінде «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз.2016 жылы, кәсіпорын аммоний метаванадатын және ванадий бесокисін Тайвань және Ресейге экспорттауды бастады. 2017 жылы бұл өнімді экспорттайтын елдердің қатарына Ұлыбритания да қосылды. Соңғы жылы кәсіпорын экспорттың көлемін 3,2 есеге ұлғайтты.Сонымен бірге, осы жылы Шиелі ауданының индустриялық аймағында «Балауса» фирмасы ванадий бесокисін шығаратын өндіріс құрылысын бастауды жоспарлап отыр.  «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде кен-байыту комбинаты мен газо турбиналық электр станциясын салуға тікелей кірістік. Барлық дайындық жұмыстары жүргізілді, мәселелері шешілді, аталған жобаны жүзеге асыруға Еуропа қайта құру және даму Банкі несие беретінін мақұлдады.  Жалпы алғанда, жоба бойынша 180 млрд теңге инвестицияны игеру жоспарлануда.Ферроқорытпа зауыты бойынша да айтарлықтай күрделі жұмыстар жалғасып, тәжірибелі-өндірістік зерттеулер аяқталуда.  Бұдан басқа, ЭКСПО алаңын пайдалана отырып, Мәскеу болат және қорытпа институтымен бірлесіп, Қызылорда қаласында 3-D принтерлерін қолдану арқылы машина құрастыру және бөлшектер шығару саласында жаңа материалдар мен технологиялар әзірлеу бойынша ғылыми-өндірістік Инжиниринг орталығын құру жұмыстарын бастадық.Бірінші кезекте композитті қорытпа шығарудың бұрыннан бар пирометаллургия желісін енгізуді жос¬парлап отырмыз.Экономиканың әлемдік турбуленттілігінің сабақтарын ескере отырып, біз болашақтың шағын және орта бизнесте екеніне әрдайым көз жеткізудеміз. Оның үстіне, біздің алдымызда 60 мыңға дерлік өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды (самозанятые) рәсімдеу міндеті тұр.Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі дәл осы шағын және орта кәсіпкерліктің жандануы арқылы пайда болатынына, қолайлы кәсіпкерлік ахуал болмайынша экономиканың болашағы  бұлыңғыр екеніне, орта тап қашанда қоғамдағы тұрақтылықтың іргетасы екеніне күмәнмен қарайтындар көп емес деп ойлаймын.  Икемділігінің арқасында шағын және орта бизнес тіпті, дағдарыс кезінде де кез келген жағдайға бейімделе алатын, осылайша, елдегі ахуалды өзгерте де алатын кәсіпкерлік қоғамдағы тұрақтылықтың негізі болып саналады.  Міне, сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бас¬тап Ұлт Көшбасшысы шағын және орта кәсіптің дамуы  бұл жұмыссыздықтың да, салық төлеудің де, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің де мәселелерін шешудің кілті екенін ұдайы айтумен келеді.  Оның үстіне, технологияның дамуымен, көптеген процестерді автоматтандыру және роботтандырумен біртіндеп өндіріске аз адам қамтылатын болады. Сондықтан, уақыт өте бизнестің сервистік моделіне негізделген шағын және орта кәсіпорындар драйвер болады.Шағын кәсіпкерлік экономиканың ірі сериялы кәсіпорындары тиімсіз жерлерді  иеленетін болады.  Ол жаңа өнімдер немесе технологиялар жасаумен байланысты қажетті тәуекелдерге баруға әзір. Оның үстіне, осы күнгі алып өнеркәсіптер бір кездері өз жолын кіші бизнестен, тіпті «шағын гараждан» бастаған деуге болады.  Сіздер «Samsung» компаниясының  тарихы үш ағайынды жігіттің шағын ғана қоймада күріш ұнын жасап шығарудан басталғанын білесіздер ме?!Немесе, аңызға айналған «Harley-Davidson» мотоциклінің бір кездері гаражда қолдан жасалған бөлшектерден құрастырылғанын алып қарайық. Карбюраторды, мысалы, ескі консерві банкасынан жасаса, бензинді жақын маңдағы дәріханадан пинталап сатып алып құйған. Ал, бүгінде компания адамдар шарқ ұрып іздейтін мотоциклдер шығарып қана қоймайды, сонымен қатар, АҚШ армиясына қажетті әскери жабдықтарды да шығарады.Соңғы кездері кәсіпкерлікпен айналыса¬тындардың үлесін 22-ден 26%-ға дейін, ал, шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің санын (қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің арқасында) өткен жылы 5,2%-ға жеткізе алдық.Сондай-ақ, тек соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қол жеткіздік.Алайда, бұл мүлдем біз көздеген нәтиже емес. Біздің  мақсатымыз – жалпыөңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50%-ға дейін жеткізу және осы бағытта жұмыс жасаудамыз.Дүйсенбі күні облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады!Кешенді «Жол картасын» әзірледік, оны жүзеге асыруға ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отырмыз!(«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша – 7,5 млрд теңге, «АӨК-ті дамыту» бағдарламасы бойынша  8,8 млрд теңге, «ДКБ  –  2020»  бағдарламасы бойынша 1,3 млрд теңге, ЕДБ қаражаттары – 13,1 млрд теңге, ӘКК-нің қаржылық қолдауы  – 1,4 млрд.теңге. Стартаптағы алғашқы жобаларға  осы қаражаттардан шамамен 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда). Оның ішінде, біз шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн теңге микрокредитті өңірлік инвестициялық орталық (ӨИО) арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға   539 млн. теңге бөліп отырмыз.  Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, цифрлық платформаны енгізіп жатыр.Агроөндірістік секторда да дамудың тұрақты тенденциясы байқалады. 5 жылда ауыл шаруашылығы айналымына 274 мың га жер телімі тартылды. Осы жылдарда агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) негізгі капиталына, тек ресми мәліметтер бойынша, 11 млрд теңге инвестиция тартылған.Егер 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне бар болғаны 215 млн теңге бөлінсе, 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеден асты.Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді.Әрине, мұның бәрі өз жемісін беруде. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп ¬отырмыз. 2017 жылы  4,1 пайызға артып отыр.Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы табыс¬ты жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде, биыл біз алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын (сафлоровое масло) экспорттадық.Өндірістік негіздегі картоп, көкөніс және бақша өндірісі дами бастады. Алдағы жылы да бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.Бүгін мен күрішшілерге айрықша алғысымды айтқым келеді. Олар 2017 жылы әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін  500 мың тоннадан астам күріш жинады. Мұндай нәтиже негізінен сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Егер, бұрын егістіктердің 40 %-на дейін жай тауарлық күріш егілген болса, қазір біз тек жоғары репродукцияның ғана тұқымын қолданамыз. Соңғы 5 жылда күріш өнімділігі гектарына 7,6 центнерге, яғни, 2012 жылғы 47,7ц/га-дан 2017 жылы 55,3 ц/га-ға өсті. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.Бұл – біздің күрішші диқандарымыз бен ғалымдардың (қызылордалық және краснодарлық)  ерен еңбегінің жемісі.Бұл жетістікті Елбасымыз да жоғары бағалап, біздің күрішші диқандарымызды жоғары нәтижелі жетістігімен арнайы құттықтады.Айтқандай, біз алдағы уақытта Иран еліне экспортқа шығаратын ирандық күріш сортын өндіруді бастадық. Бұл ел жылына пайдаланатын 5 млн тоннаға жуық күріш өнімінің жартысын сырттан алады.Осы орайда, біз осы нарықтан белгілі орнымызды алуымыз қажет.Ауыл шаруашылығы кооперациялары арқылы соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытып келеміз.Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіре отырып, 84 кооператив құрдық. Олардың мал шаруашылығы бағытындағы 73-нің 60-ы ет өндіруге, 13-і сүт өндіруге бағытталған.Нәтижесінде, 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт қоймасы құрылды.Бұдан бөлек, бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 %-ға асып түсті.Әрине, бұл – ең алдымен өзіміз тұтынатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. 2017 жылдан бастап буферлік аймақтан шығуымыз бізге мал шаруашылығы өнімдерін алыс шетелдерге: Араб Әмірліктері, Иран және Моңғолия елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.Ет өнімдерін экспорттауды одан әрі көбейту үшін екі ет комбинатының құрылысы бойынша жобаларды іске асырудамыз («Сыр маржаны» ЖШС және «Шаған жер» ЖШС).Құс етін өндіру қайта қолға алынуда.  Қармақшы ауданында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен (ӘКК) бірлесіп, құс фабрикасының құрылысы басталды. Биыл оны іске қосатын боламыз.Қадірлі жерлестер, құрметті әріптестер!Соңғы 10 жылда Қазақстан әлемдік тұрақсыз жағдайларға, жағымсыз сыртқы әсерлерге қара¬мастан дамып келеді. Талай сындарлы сәттерден де сүрінбей өттік. Мұның барлығына Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы мемлекеттік стратегиясы мен дер кезіндегі шешімдерінің арқасында қол жеткізгенімізді Сіздер мен біздер жақсы білеміз.2007-2009 жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарысқа жауап ретінде Үдемелі инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылданып, қазір оның екінші бесжылдығы іске асырылып жатыр.2014-2015 жылдары сыртқы жағымсыз әсер¬лерден болатын  жағдайларды ескере отырып, Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамудың ауқымды бастамасын көтерді.Мемлекетті нығайту және «2050 Стратегиясын» жаңа жаһандық талаптарға сай жүзеге асыру үшін 5 институционалдық реформа мен оларды іске асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ұсынылды.«Дағдарыс – мүмкіндік» формуласы негізінде Қазақстан қиын сәттерде жұдырықтай жұмылып, сынақтардан шынығып, жаңа жоспарлармен, сеніммен алға қадам басып келеді.Санамызды серпілтіп, жігерімізді жаныған, түрлі оқиғаларға толы 2017 жылды да артқа қалдырдық. Әрбір жылдың өз жақсылығы мен жаңалығы, қызығы мен қиындығы болады. Зерделеп көрсек, әр жыл – жаңа сынақ, тың тәжірибе кезеңі.Былтырғы басты саяси оқиғаның бірі – Елбасы ұсынған Конституциялық реформа болды. Мемлекет басшысының 35 билік өкілеттілігі Парламент пен Үкіметке берілуі, қоғамды одан әрі демократияландыру үдерістерін жүйелі дамыту,  оның ішінде саяси, барлық билік тармақтарының жауапкершілік деңгейін жоғарылату жолында келе жатқанымызды дәлелдейді.Еліміз «жасыл» технологияны дамыту идеясын ұстанудың бұлжымастығын тағы да көрсетіп, елордамыз – Астанада ТМД елдерінің арасында бірінші болып EXPO-2017 «Болашақ энергиясы» ірі халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді. Қазақстан Көрмені өткізу құқығын әлемнің 160 елімен бәсекеде жеңіп алды.Әлемдік экономиканың дамуы мен жаһандық өзгерістердің жаңа кезеңінде Мемлекет басшысы елде Үшінші жаңғыруды (3.0 жаңғыру) өткізуді жариялады, саяси, экономикалық және рухани салаларда жаңарудың нақты міндеттерін қойды.Алайда, экономика, саясат, қоғамдағы өзгерістер біздің санамыз жаңғырмайынша жүзеге асырылмайды. Жаңа дәуір жаңғыруының бірінші нәтижесі – қазақстандықтардың ұлттық санасының жаңғыруы – «Рухани жаңғыру», сондықтан, зерделі заманауи қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастыру 21 ғасырда елдің бәсекеге қабілеттілігінде шешуші маңызға ие болады.Елбасының осы жылдың басында Вашингтонға жасаған сапары  және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі біздің еліміздің және Президентіміздің бейбітсүйгіш конструктивті сыртқы және ішкі саясатының халықаралық қауымдастықта зор құрметке ие екендігін көрсетті. Бұл – шын мәнісінде Тәуелсіздіктің 26 жылында қол жеткен табыстарымыздың көрсеткіші!
Құрметті жерлестер!
Әдетте, жыл басында өткен жылға қорытынды, ал, жаңа жылға  жоспарлар жасалады.Бүгін біз өткен 2017 жылы атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесін бағалаймыз. Бұл – менің облыс басшысы ретінде Сіздердің алдарыңыз-дағы бесінші есептік кездесуім.Атқарылатын жұмыстар жұртшылыққа айқын, ашық болуы үшін біз, өздеріңіз білетіндей, жыл сайын облыс әкімінің Жұмыс жоспарын бекітіп, оны бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде ¬жария¬лаймыз. Бұл – өз ықтиярымызбен ел мен биліктің арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін жасалған қадам.2017 жылға арналған Жұмыс жоспарының негізгі басымдықтары – жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, адами әлеуетті дамыту, алып-сатарлық жолмен бағаның көтерілуіне жол бермеу, экономиканы әртараптандыру, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті және халықаралық қаржы ұйымдарын тарту арқылы инфрақұрылымды дамыту секілді мәселелер болды.Жоспарланған 320 іс-шараның 232-сі орындалды, ал, тұрақты және ұзақ мерзімді сипаттағы қалған шараларды жүзеге асыру биыл да жалғасатын болады.Атқарылған жұмыс нәтижелері оларды салыстырмалы түрде сараптағанда ғана айқындалады. Сондықтан, көрсеткіштерге сүйенген жөн болар.Мемлекет басшысы айқындап берген және 2013 жылдан бастап біз алдымызға қойған басты міндет – бұл  экономиканы индустрияландыру арқылы әртараптандыру болып табылады.Өнеркәсіп өндірісінің шамамен 70%-і мұнай мен уран өндірудің үлесінде екенін, бұл ретте, кейбір мұнай ұңғымаларынан шыққан шикізаттың қазірдің өзінде 98%-ы суланғанын ескерсек, біз үшін бұл – бірден-бір жол (мұнай өнімі жыл сайын орта есеппен 12%-ға, газ - 11%-ға ал,  уран – 10%-ға азаюда. 5 жыл ішінде біз  4,2 млн тонна мұнай өні¬мін жоғалттық).Біз 2017 жылы бір ғана көрсеткіш бойынша - мұнай өндіруде ғана оң векторға қол жеткізе алмауымызға себеп болған осы фактор - өнеркәсіп өндірісінің көлемін төмендетті (ИФО – 95,7%). Өңірдің даму қарқынын көрсететін барлық басқа макрокөрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Дегенмен, өңір экономикасындағы жүзеге асқан құрылымдық өзгерістердің арқасында біз ағымдағы жылы өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі бойынша 100%-дық көлемге қол жеткіземіз деп сенеміз (пессимистік болжам – 100,8%, оптимистік болжам – 102%).Сондай-ақ, соңғы бірнеше жыл бойы біз көмірсутегі мен уран шикізатының бағасы түсіп кеткен күнде де тұрақты дами алатынымызды дәлелдедік. Яғни, бір сөзбен айтқанда, бес жылда атқарған жұмыстар нәтижесінде мұнай мен уран бағасына тәуелсіз аймақтық экономика құра алдық деп толығымен айта аламыз. Бұл – өте маңызды жетістік!«Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей! Мүмкін, дағдарыс, көмірсутегі бағаларының құлдырауы сияқты сынақ ретінде бізге сілкініс керек болған да шығар...Бес жылда облысымызда 50-ден астам өнеркәсіп нысан іске қосылса, оның 16-сы – ірі және орта кәсіпорын.Нәтижесінде, өңдеуші секторда осы кезең ішінде өндірілген өнім көлемі 65 пайызға артса, шикізаттық емес сектордың экспорт көлемі тек соңғы жылдың өзінде 60 пайызға артты.Жалпыөңірлік өнім көлемі бойынша 2017 жылдың қорытындысы шықпағанымен, 2016 жылдың нәтижелері облыста жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) құрылымындағы өңдеуші сектордың үлесі 2012 жылмен салыстырғанда 3 есеге артқанын көрсетті!Ағымдағы жылы шыны және тампонажды цемент өндіретін зауыттарды, үш окись молибден өндірісін іске қосамыз.Өздеріңіз білесіздер, осы айдың басында  Қытай Халық Республикасына жасаған сапар барысында біз әлемде шыны өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі, облысымызда шыны зауыты құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырып жатқан  «ChinaTriumph International Engineering» («Чайна Триумф Интернейшнл Инжиниринг») компаниясының басшылығымен және тампонажды цемент шығаратын зауыт құрылысының жобасын жүзеге асырушы "ChinaGezhoubaGroupCement" («Чайнагежуба групп цемент») компаниясының басшыларымен кездестік.Екі компания да салып жатқан зауыттарын ағымдағы жылы іске қосатындарын растады.Шыны зауытының құрылыс-монтаждау жұмыс¬тары маусым айында аяқталатын болады, ал, шілде айының басында пешін іске қосамыз. Зауыттың технологиясы ерекше болғандықтан, сапалы өнім алу үшін пешті 3 ай көлемінде қыздыру қажет. Алғашқы қазақстандық шыныны биыл қыркүйек айының соңында шығаратын боламыз.Бұдан бөлек, «Чайна Триумф» компаниясымен біз шыны зауыты жобасының екінші кезеңі – гаджеттерге арналған ултьражұқа шыны шығару жобасын іске асыру мәселесін де талқыладық.Жақын арада біз әріптестерімізбен аталған жоба бойынша нақты келісімдерге келеміз деп ойлаймын.Біз, сондай-ақ,  "ChinaPolyGroupCorporation" («Чайна поли групп корпорейшен») компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргіздік, бұл – құрамына 102 кәсіпорын кіретін, ірі мемлекеттік  инженерлік-технологиялық құрылым. Компания жұмысының ауқымдылығы бізге зор әсер қалдырғанын айту керек.Бірлескен жұмыс тобы құрылып, инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыстар басталып кетті.Жазға қарай, Түркиялық «YıldızlarSSS Holding» («Юлдызлар ССС холдинг») компаниялар тобымен бірлесіп, жылына 27 млн. шаршы метрге  дейін керамикалық плита және керамикалық гранит шығаратын зауыт құрылысын бастайтын боламыз. Биыл жобаның бірінші кезеңінің құрылысы басталады, қуаттылығы – 9 млн. шаршы метр.Осы жылдың көктемінде Арал қаласында кальцийлендірілген сода шығаратын зауыт құры¬лысына кірісеміз.Бұл – республика бойынша, толығымен шет елдерден жеткізілетін кальцийлендірілген соданың 75%-ын отандық өніммен қамтамасыз ететін алғашқы заманауи зауыт болмақ.  Қазір залда «Арал тұз» АҚ акционері және «АралСода» ЖШС құрылтайшысы Мұқашев Дәурен отыр. Сізден қызылордалықтарды өз жоспарыңызбен таныстыруыңызды сұраймын.
Дәурен Мұқашев, «Аралтұз» АҚ акционері және «Аралсода» ЖШС құрылтайшысы:
Соңғы 3 жылда «Аралтұз» компаниясы индустрияландыру бағдарламасы аясында өндірісті модернизациялаудың инвестициялық жобасын жүзеге асырып келеді. Испандық технология бойынша жаңа цехтар іске қосылды. Егер 2013 жылы 100 мың тонна өнім өндірілсе, биыл 400 мың тонна өнім өндіру жоспарланған. Компания мұнымен шектеліп қалмай, өндірісті әртараптандыруды қолға алды. Кальцийлендірілген сода зауытының құрылысын бастауға шешім қабылдадық. Өйткені натрий хлор мен  тұз кальцийлендірілген сода шығаруға негіз болады. Ал кальцилендірілген сода шыны өндірісінің шикізаты болып есептеледі. Оған қоса химия өнеркәсібінде қолданылады. Сондықтан біз шығаратын өнім жаңа шыны зауытын қажетті шикізатпен қамтамасыз етпек.Айтқандай, осы жобаның бастамашысы болып табылатын «Аралтұз» Индустрияландыру картасы аясында тұзды өңдейтін екі испандық цехты  іске қосты.Зауытты жаңғырту еңбек өнімділігін екі есеге арттыруға, 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтуға және жұмысшылардың айлық жалақысын 60%-ға көтеруге мүмкіндік берді.«Аралтұз» АҚ бүгінде өз өнімінің 65%-ын шетелге экспорттайды. Тек соңғы 3 жылда Ресей ас тұзы нарығының 13%-ын «Аралтұз» өнімі қамтамасыз етуде.Көлемін көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші! Оның үстіне, кәсіпорын өз өнімін сату нарығын да ұлғайтуда. Мысалы, өткен жылы Арал тұзы Әзербайжанға да экспорттала бастады. Мұнан бөлек, «Аралтұз» АҚ 2018 жылдан бастап ас тұзын өндіруді 25 пайызға, ал 2021 жылдан екі есеге арттырады. Бұл –жаңа жұмыс орындары да ашылады деген сөз.Біз үстіміздегі жылы іске қосуды жоспарлап отырған өндірістер – еліміздегі жаңа технологияларды қолдана отырып, экспортқа бағытталған аса ірі нысандар болмақ. Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік болуы тиіс.Бұл – Мемлекет басшысының  биылғы Қазақстан халқына Жолдауында біздің алдымызға қойған негізгі міндеттердің бірі.Бүгінде біз жалпы құны 500 млрд.теңгеден асатын 10 инвестициялық жоба бойынша нақты жұмыс жүргізудеміз.  Соның ішінде «Бала-сауысқандық» ванадий кен орнын игеру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз.2016 жылы, кәсіпорын аммоний метаванадатын және ванадий бесокисін Тайвань және Ресейге экспорттауды бастады. 2017 жылы бұл өнімді экспорттайтын елдердің қатарына Ұлыбритания да қосылды. Соңғы жылы кәсіпорын экспорттың көлемін 3,2 есеге ұлғайтты.Сонымен бірге, осы жылы Шиелі ауданының индустриялық аймағында «Балауса» фирмасы ванадий бесокисін шығаратын өндіріс құрылысын бастауды жоспарлап отыр.  «Шалқия» қорғасын-мырыш кенішінде кен-байыту комбинаты мен газо турбиналық электр станциясын салуға тікелей кірістік. Барлық дайындық жұмыстары жүргізілді, мәселелері шешілді, аталған жобаны жүзеге асыруға Еуропа қайта құру және даму Банкі несие беретінін мақұлдады.  Жалпы алғанда, жоба бойынша 180 млрд теңге инвестицияны игеру жоспарлануда.Ферроқорытпа зауыты бойынша да айтарлықтай күрделі жұмыстар жалғасып, тәжірибелі-өндірістік зерттеулер аяқталуда.  Бұдан басқа, ЭКСПО алаңын пайдалана отырып, Мәскеу болат және қорытпа институтымен бірлесіп, Қызылорда қаласында 3-D принтерлерін қолдану арқылы машина құрастыру және бөлшектер шығару саласында жаңа материалдар мен технологиялар әзірлеу бойынша ғылыми-өндірістік Инжиниринг орталығын құру жұмыстарын бастадық.Бірінші кезекте композитті қорытпа шығарудың бұрыннан бар пирометаллургия желісін енгізуді жос¬парлап отырмыз.Экономиканың әлемдік турбуленттілігінің сабақтарын ескере отырып, біз болашақтың шағын және орта бизнесте екеніне әрдайым көз жеткізудеміз. Оның үстіне, біздің алдымызда 60 мыңға дерлік өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды (самозанятые) рәсімдеу міндеті тұр.Жаңа жұмыс орындарының басым бөлігі дәл осы шағын және орта кәсіпкерліктің жандануы арқылы пайда болатынына, қолайлы кәсіпкерлік ахуал болмайынша экономиканың болашағы  бұлыңғыр екеніне, орта тап қашанда қоғамдағы тұрақтылықтың іргетасы екеніне күмәнмен қарайтындар көп емес деп ойлаймын.  Икемділігінің арқасында шағын және орта бизнес тіпті, дағдарыс кезінде де кез келген жағдайға бейімделе алатын, осылайша, елдегі ахуалды өзгерте де алатын кәсіпкерлік қоғамдағы тұрақтылықтың негізі болып саналады.  Міне, сондықтан Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Ұлт Көшбасшысы шағын және орта кәсіптің дамуы  бұл жұмыссыздықтың да, салық төлеудің де, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудің де мәселелерін шешудің кілті екенін ұдайы айтумен келеді.  Оның үстіне, технологияның дамуымен, көптеген процестерді автоматтандыру және роботтандырумен біртіндеп өндіріске аз адам қамтылатын болады. Сондықтан, уақыт өте бизнестің сервистік моделіне негізделген шағын және орта кәсіпорындар драйвер болады.Шағын кәсіпкерлік экономиканың ірі сериялы кәсіпорындары тиімсіз жерлерді  иеленетін болады.  Ол жаңа өнімдер немесе технологиялар жасаумен байланысты қажетті тәуекелдерге баруға әзір. Оның үстіне, осы күнгі алып өнеркәсіптер бір кездері өз жолын кіші бизнестен, тіпті «шағын гараждан» бастаған деуге болады.  Сіздер «Samsung» компаниясының  тарихы үш ағайынды жігіттің шағын ғана қоймада күріш ұнын жасап шығарудан басталғанын білесіздер ме?!Немесе, аңызға айналған «Harley-Davidson» мотоциклінің бір кездері гаражда қолдан жасалған бөлшектерден құрастырылғанын алып қарайық. Карбюраторды, мысалы, ескі консерві банкасынан жасаса, бензинді жақын маңдағы дәріханадан пинталап сатып алып құйған. Ал, бүгінде компания адамдар шарқ ұрып іздейтін мотоциклдер шығарып қана қоймайды, сонымен қатар, АҚШ армиясына қажетті әскери жабдықтарды да шығарады.Соңғы кездері кәсіпкерлікпен айналыса¬тындардың үлесін 22-ден 26%-ға дейін, ал, шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің санын (қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігінің арқасында) өткен жылы 5,2%-ға жеткізе алдық.Сондай-ақ, тек соңғы жарты жылда 16 мыңнан астам өзін өнімсіз жұмыспен қамтығандарды кәсіпкерлікке тартуға қол жеткіздік.Алайда, бұл мүлдем біз көздеген нәтиже емес. Біздің  мақсатымыз – Жалпыөңірлік өнім көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесін 45-50%-ға дейін жеткізу және осы бағытта жұмыс жасаудамыз.Дүйсенбі күні облыс әкімдігі, мәслихат, «Нұр Отан» партиясының филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы және Қоғамдық кеңес 2018 жылды облыс бойынша «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялау туралы бірлескен шешім қабылдады!Кешенді «Жол картасын» әзірледік, оны жүзеге асыруға ағымдағы жылы барлық қаржы көздері есебінен 32 млрд теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отырмыз!(«Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасы бойынша – 7,5 млрд теңге, «АӨК-ті дамыту» бағдарламасы бойынша  8,8 млрд теңге, «ДКБ  –  2020»  бағдарламасы бойынша 1,3 млрд теңге, ЕДБ қаражаттары – 13,1 млрд теңге, ӘКК-нің қаржылық қолдауы  – 1,4 млрд.теңге. Стартаптағы алғашқы жобаларға  осы қаражаттардан шамамен 2,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда). Оның ішінде, біз шағын және орта бизнесті дамытуға жергілікті бюджеттен қосымша 500 млн теңге микрокредитті өңірлік инвестициялық орталық (ӨИО) арқылы, ал, Бизнестің Жол картасы аясында берілетін микрокредиттер бойынша пайыздық мөлшерді субсидиялауға   539 млн. теңге бөліп отырмыз.  Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілеріне көмек ретінде «Қазақтелеком» АҚ және «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, цифрлық платформаны енгізіп жатыр.Агроөндірістік секторда да дамудың тұрақты тенденциясы байқалады. 5 жылда ауыл шаруашылығы айналымына 274 мың га жер телімі тартылды. Осы жылдарда агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) негізгі капиталына, тек ресми мәліметтер бойынша, 11 млрд теңге инвестиция тартылған.Егер 2013 жылы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілеріне бар болғаны 215 млн теңге бөлінсе, 2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеден асты.Бұл біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілеріміздің қаржылық мүмкіндіктерін, олардың дамығандығын көрсетеді.Әрине, мұның бәрі өз жемісін беруде. Нәтижесінде, бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп ¬отырмыз. 2017 жылы  4,1 пайызға артып отыр.Егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде, биыл біз алғаш рет Қытайға 11 тонна мақсары майын (сафлоровое масло) экспорттадық.Өндірістік негіздегі картоп, көкөніс және бақша өндірісі дами бастады. Алдағы жылы да бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз.Бүгін мен күрішшілерге айрықша алғысымды айтқым келеді. Олар 2017 жылы әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін  500 мың тоннадан астам күріш жинады. Мұндай нәтиже негізінен сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Егер, бұрын егістіктердің 40 %-на дейін жай тауарлық күріш егілген болса, қазір біз тек жоғары репродукцияның ғана тұқымын қолданамыз. Соңғы 5 жылда күріш өнімділігі гектарына 7,6 центнерге, яғни, 2012 жылғы 47,7ц/га-дан 2017 жылы 55,3 ц/га-ға өсті. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.Бұл – біздің күрішші диқандарымыз бен ғалымдардың (қызылордалық және краснодарлық)  ерен еңбегінің жемісі.Бұл жетістікті Елбасымыз да жоғары бағалап, біздің күрішші диқандарымызды жоғары нәтижелі жетістігімен арнайы құттықтады.Айтқандай, біз алдағы уақытта Иран еліне экспортқа шығаратын ирандық күріш сортын өндіруді бастадық. Бұл ел жылына пайдаланатын 5 млн тоннаға жуық күріш өнімінің жартысын сырттан алады.Осы орайда, біз осы нарықтан белгілі орнымызды алуымыз қажет.Ауыл шаруашылығы кооперациялары арқылы соңғы жылдары мал шаруашылығын дамытып келеміз.Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіре отырып, 84 кооператив құрдық. Олардың мал шаруашылығы бағытындағы 73-нің 60-ы ет өндіруге, 13-і сүт өндіруге бағытталған.Нәтижесінде, 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт қоймасы құрылды.Бұдан бөлек, бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 %-ға асып түсті.Әрине, бұл – ең алдымен өзіміз тұтынатын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деген сөз. 2017 жылдан бастап буферлік аймақтан шығуымыз бізге мал шаруашылығы өнімдерін алыс шетелдерге: Араб Әмірліктері, Иран және Моңғолия елдеріне экспортқа шығаруға мүмкіндік берді.Ет өнімдерін экспорттауды одан әрі көбейту үшін екі ет комбинатының құрылысы бойынша жобаларды іске асырудамыз («Сыр маржаны» ЖШС және «Шаған жер» ЖШС).Құс етін өндіру қайта қолға алынуда.  Қармақшы ауданында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен (ӘКК) бірлесіп, құс фабрикасының құрылысы басталды. Биыл оны іске қосатын боламыз.Естеріңізде болса, 2016 жылы бақша дақылдарын эк      Естеріңізде болса, 2016 жылы бақша дақылдарын экспорттау жұмыстарын қайта жаңғыртқан болатынбыз.Осылайша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты – 39%-ға, бақша өнімдері – 3,5 есеге, көкөніс 2 есеге өсіп отыр.Облыс экономикасының маңызды салаларының қатарына балық шаруашылығы да қосылып отыр. Балық аулау соңғы   5 жылда  2 есеге көбейді.Бүгінгі таңда облысымызда 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді, оның 4-і 2013 жылдан кейін салынған.Біздің белгілі кәсіпкеріміз Поволжьедегі Димитровград қаласында ресейлік әріптестерімен бірге балық өңдеу зауытын да салды. Зауыт қазіргі таңда табысты жұмыс жасап, бәсекеге қабілетті өнім шығаруда. Нәтижесінде, балық өнімдерін экспорттау осы жылдары 9 есеге артып отыр! Әсіресе, Арал көксеркесіне деген сұраныс ерекше.Айта кету керек, «Жобалық басқару» аясында біз Агробиржа – электрондық сауда алаңын құру жобасын іске асыра бастадық. Бұл біздің фермерлерге сыртқы нарыққа басты назар аудара отырып, өз өнімдерін тиімді сатуға көмектеседі.Біз экспортқа шығара алатын тауарлар тек күріш, тұз, балық қана емес. Облыс үлкен экспорттық әлеуетке ие.Сол себепті, Өздеріңіз білесіздер, 2016 жылы біз алғаш рет аймақтың ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығына кешенді маркетингтік зерттеулер өткіздік және оларды аграрлық сектордың әлеуетті мүмкіндіктерімен үйлестірдік.Осы зерттеулердің негізінде, біз, екі басты міндетті, атап айтқанда,  ішкі нарықты толықтыру үшін  жеделдетіп дамытуды талап ететін агроөнеркәсіп кешенінің секторларын дамытуды және Парсы шығанағы (Иран, БАӘ),  Орталық Азия (Қытай) және Шығыс Еуропа елдеріне шығу арқылы экспортқа бағытталған өнімдерді өндіруді кеңейтуді көздейтін Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2020 жылға дейінгі Агрокартасын әзірледік.Біз 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,4 есеге, ал, оның экспорты 5 еседен асады деп жоспарлап отырмыз.Бірақ, бұның өзі де біз үшін жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы өндірісі мен оның өнімдерін өңдеу саласын кластерлік негізде және инновациялық аспектімен дамыту қажет.2013 жылы Жалағаш элеваторын сатып алып, «Байқоңыр» ӘКК жанынан Агрохолдинг құрдық, бұл аймағымызда күріш кластерін құруға негіз болды. Осының арқасында табысты әрі бәсекеге қабілетті күріш шаруашылықтарының саны артып келеді.Сондықтан, «Байқоңыр» ӘКК (Кенжебаев Т.Б.) күріш және балық кластерлерін одан әрі дамыту, сондай-ақ, мал шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде және логистикада кластерлер құру бағдарламаларын әзірлеуі қажет.Сонымен қатар, шикізат өңдеу және сыртқы нарыққа жоғары сапалы дайын өніммен шығуды қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Біз өнімдеріміздің сапасы жағынан ғана емес, баға бойынша да бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуымыз қажет. Яғни, шығындарды азайту керек.Бұл жерде бізге Мемлекет басшысы ерекше көңіл аудартқан «ақылды технологиялар» көмектеседі.Ауыл шаруашылығы өндірісі ауа райы мен табиғи құбылыстарға және бірқатар басқа да факторларға тәуелді бизнес болып табылады.Құрғақшылық немесе артық ылғал, тыңайтқыш көлемінің жетіспеушілігі немесе жоғары болуы, жәндіктердің немесе аурудың пайда болуы егіннің немесе малдың бір бөлігін жойып жіберуі мүмкін.Ал, цифрлық технологияларды енгізу табиғи факторларды бақылап, нақты бизнес-үдерістерді жобалауға, сонымен қатар, нәтижені математикалық дәлдікпен болжауға мүмкіндік береді.Сондықтан, біз қазір облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығының өзінде күріш жинау, су тасқыны жағдайларының бедерлі үлгісін болжау үшін  бағдарламалық-математикалық бақылаудың үлгісін, ал, «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы - Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан бақылау ғарыштық жүйесінің ұлттық операторымен жер, орман және су ресурстарын ғарыштық мониторингпен  байланыстыра отырып,  мониторингтің ақпараттық жүйесін құру мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұл егіс алқаптарына мониторинг жүргізуге де, қандай да бір ауыл шаруашылығы жерлеріндегі  ылғалдың жетіспеушілігін де, жерді иемденіп алу және көптеген басқа да  жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді.Негізінен, агроөнеркәсіп секторын дамытудың арқасында біз  тұтыну бағаларының индексін орташа республикалық деңгейден төмен ұстап тұрудамыз.Ал, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдар¬ламаларының жүзеге асырылуы бірқатар сала¬лардың, әсіресе, құрылыс саласының серпінді дамуы үшін ғана емес, жұмыссыздық деңгейін 2017 жыл бойы 4,8% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді.Бұл тіпті республика бойынша орташа көрсеткіштен де (4,9%) және дағдарысқа дейінгі 2013 жылғы көрсеткіштен де төмен (0,4% -ға). Осы жылдары экономикалық қиындықтарға қарамастан, кәсіпорындардағы жұмысшылардың жаппай қыс¬қаруын болдырмауға ғана емес, соңғы 5 жылда 60 мыңдай жаңа жұмыс орнын құруға қол жеткіздік.Тек соңғы 2017 жылдың өзінде олардың 13 мыңы құрылды, оның ішінде 11 500-і тұрақты жұмыс орны.Сонымен бірге, соңғы жылдары аз қамтылған отбасылар саны 1,6 есеге (2012 ж. – 4047 отбасы, 2017ж. – 2605 отбасы), ал, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны (АӘК) – 3,6 есеге (2013 ж. – 2 082 адам, 2017 ж. –574 адам) азайды.Тұрғын үй құрылысының көлемі бойынша біз Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары сияқты «миллиондық» аймақтардың алдына шықтық. Егер бізде 2013 жылы 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, бүгінде бұл көрсеткіш 600 мың шаршы метрден асып түсті. Яғни, екі есе көп берілуде. Нәтижесінде, облыс орталығының өзінде ғана соңғы жылдары 14 жаңа шағын аудан пайда болды. Облыста 5 жыл ішінде 2 млн шаршы метр тұрғын үй берілді.2017 жылы біз Қызылорда қаласында тұрғын үйдің апаттылығы бойынша үй кезегінде тұрғандардың мәселесін шеше алдық. Тек соңғы 3 жылдың өзінде 309 отбасы апатты үйдің орнына жаңа жайлы пәтерге ие болды, егер, біз осы науқанды бастаған 2013 жылдан бергіні есептер болсақ, онда жаңа пәтерлерге 500-ден астам отбасы ие болды.  Енді біз алдымызға мақсат ретінде өңір тұрғындарының әлеуметтік осал тобын мейлінше қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді қойдық.  Сол үшін 2017 жылы 3 жылға есептелген «Орда» тұрғын үй құрылысының «жол картасын» әзірледік.Несиелік тұрғын үйдің көпбалалы отбасылар, мүгедектер мен тұрғындардың аз қамтылған топтарының барлығына бірдей  қолжетімді еместігін ескеріп, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан несиелік тұрғын үйлерді жергілікті бюджет есебінен сатып алуға жыл сайын облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы бөлу туралы шешім қабылдадық.Оларды тұрғындарға кейін өтеу құқығымен алғашқы төлемсіз ай сайынғы жалға алу құны шартымен беретін боламыз.Мысал үшін, осылайша, енді, көпбалалы отбасы екі бөлмелі пәтерді ай сайын 42 мың теңге, ал, үш бөлмелі пәтерді 52 мың теңге төлей отырып, ала алады. Нақтылап айтайын – басқа бағдарламаларда қаралған 30%-дық алғашқы төлемсіз!Айта кету керек, біздің бұл тәжірибеміз басқа облыстарға да іске асыруға ұсынылып отыр.Жеке тұрғын үй құрылысына арналған алаңдарды әзірлеу одан әрі өз жалғасын табатын болады.Соңғы 3 жылда ғана жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҮҚ) үшін 20600-дей жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізілді. Бұл да үлкен жұмыстар легі!Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер беру қарқыны соңғы жылдары 3 есеге өсті. Нәтижесінде, былтыр тұрғындардың өздерін жеке үймен қамтамасыз етуі 17%-ға ұлғайды. Бұл – еліміздегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі.Сонымен бірге, 2017 жылы біз Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаланың құрылыс алаңдарына шықтық. 1925 жылы ұлтымыздың «қазақ» деген атауын ресми түрде қалпына келтіру туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақ Орталық Атқару Комитетінің бұрынғы ғимаратының сызбасы бойынша салынатын "Рухани жаңғыру" орталығының құрылысы басталды. Осында 320 орындық балабақша мен «Болашақ» университеті кампусы, Жастар ресурстық орталығы салынуда.Жастарға арнап Неке қию сарайын да салатын боламыз.Ең бастысы, біз 2017 жылы алғашқы 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастадық. Ал, осы жылы шығыс үлгісінде халқымыздың ділін, ұлттық салт-дәстүрлерін ескерген жаңа тұрғын үй кварталдарының құрылысын да бастаймыз.Біздің халық – өте қонақжай халық, біз  қонақ шақырғанды, өзіміз қонаққа барғанды ұнататын халықпыз.Сондықтан, барлық туған-туыстар мен достарды сыйдыра алатын үлкен үйдің болғаны біз үшін маңызды.Біздің тағы бір ерекшелігіміз – ұйым¬шылдығымыз бен өзара көмек көрсетуге әзірлігімізде. Көршілерімізбен ауызбіршіліктің жоғары деңгейі, яғни, қуанышты да, қайғыны да бірге бөлісуіміз - бізге тән қасиет.Осының барлығы Сол жағалаудағы тұрғын аудандар құрылысын жобалаған кезде ескерілді. Үй қабаттары көбінесе биік емес, әрбір тұрғын өзінің көршілерін ғана емес, қарсы үйдегі көршілерін де білетіндей етіп орналасатын болады. Бұл – ұлттық салт-дәстүрлерді дамыту мен сақтауға қосатын өзіндік үлестің бір түрі.Сол жағалаудағы алғашқы нысандарды ағымдағы жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Айта кету керек – жаңа қаладағы жаңа үйлердің бағасы елдегі ең арзан бағамен беріледі – әрбір шаршы метрі 120 мың теңге көлемінде. Осыған байланысты, облыстың құрылысшылар ассоциациясының төрағасы, Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Шаршыбекұлы Ерназаровты әңгімеге шақыруға рұқсат етіңіздер.  
Қайрат Ерназаров, «Бақ-береке» ЖШС директоры:
– Сыр өңірінің құрылысшылары Елбасы бастамасымен қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында нағыз құрылысшылар ретінде шыңдалдық, мол табысқа жеттік. Кейбіреуіміз ірі компанияларға айналдық. Жұмысымыздың сапасы Астана, Алматы қаласындағы ірі құрылыс компанияларының сапасымен бірдей деңгейге жетті, кей тұста озықпыз. Өткен жылы сол жағалаудың құрылысын бастадық. Биыл қыркүйекте алғашқы шағын аудан мен балабақша құрылысын ел игілігіне береміз. Сондай-ақ, 3 шағын ауданның құрылысын бастаймыз.Республика бойынша үйдің шаршы метрінің ең төменгі  бағасы 142 мың теңге болса, сол жағалаудағы үйлердің құны 120 мың теңге. Бұл еліміз бойынша ең төмен баға.  Бүгін құрылысшыларға ерекше алғысымды айтқым келеді. Аптап ыстық пен суық желдің өтіне қарамастан, жасаған қыруар еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Ортақ еңбегіміздің маңыздылығы мен қажеттілігін түсініп, іспен қолдағандарыңыз үшін!Облыс үлкен құрылыс алаңына айналды!Осы жылы жаңа қаланың инженерлік инфрақұрылымына және ІТ-паркі мен Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысына қаржы бөлінді.  Бұдан басқа, 300 адамға арналған жатақханасы бар, физика-математика бағытында оқытатын мектеп-интернат салу жобасын әзірлеуге қаржы жоспарланды. Бұл дарынды балаларға, соның ішінде ауылдық жерлерден келетін балаларға арналған ерекше деңгейдегі мектеп болады.300 орынға арналған көпсалалы аурухана, тағы үш шағын аудан, «Шіркейлі» каналы арқылы сол жағалауды «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізімен жалғайтын көпір және басқа да нысандардың құрылысын бастайтын боламыз. Жаңа қала құрылысы өзіне Қызылорданың ескі, тарихи бөлігін жасарып-жаңаруға тартып, себепкер болып жатқанын сеніммен айтуға болады. Бұл енді ешқандай күмән тудырмайды.Сонымен қатар, газбен жабдықтау және сумен қамтамасыз ету мәселелерін де шешудеміз. Бүгінгі таңда облыс халқының 63%-ның табиғи газ тұтынуға  мүмкіндігі бар, ал, 95%-ы орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Соңғы жылдары, өздеріңіз  білесіздер, біз Қызылорда қаласына және 7 аудан орталығының 4-еуіне  газ жеткіздік.2017 жылы Белкөл кентін газдандыру аяқталды және Байқоңыр қаласына газ тарту  жұмыстары басталды. Осы жылы біз Жосалы кентін газдандыру жұмыстарына кірісеміз және соңғы аудан орталықтары – Жалағаш, Тереңөзек кенттеріне газ құбырларын жеткіземіз, келесі кезек – елді мекендердікі.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы – қыруар қаражатты талап ететін сала екенін айтудың өзі артық деп ойлаймын. Бұл саладағы таусылмайтын проблемаларды бір мезгілде шешуге қаржы жетпей жатады. Ал, мәселелер әрине, шешілуі тиіс!Сондықтан, өздеріңіз білетіндей, бұл мақсатқа  біз бюджет қаражатынан басқа халықаралық қаржы институттарының да ресурстарын тарттық.  Қазір біз  Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен бірлесе отырып, жолаушылар тасымалы жүйесін жаңғырту, облыс орталығының коммуналдық инфрақұрылымын (жылу, су, электрмен қамту) автоматтандыру және кеңейтуге бағытталған 4 жоба бойынша жұмыс жасаудамыз.Аталған жобалар аясында бөлінген қаражат қазірдің өзінде  коммуналдық кәсіпорындарымыздың техникалық жай-күйін жақсартуға мүмкіндік берді. Сондықтан, ағымдағы жылы Қызылорда қаласының сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша жобалардың кейбір тұстарын жаңадан қабылданған мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырып, қайта қарау туралы шешім қабылдадық.Осылайша, қарызға алынатын қаржының көлемі 28 миллион АҚШ долларына азаяды. Бұл коммуналдық кәсіпорындардың несиелік жүктемелерін айтарлықтай жеңілдетеді.Бұдан басқа, қазір біз әлемнің 70-тен астам елінде жылу, күн, жел және гидроэлектр станцияларын, қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары мен тағы басқа да объектілер салумен айналысатын Қытай мемлекеттік инженерлік-құрылыс компаниясымен (CNEEC) келіссөз жүргізіп жатырмыз.Біз оларға мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қызылорда облысында күн және гидроэлектр станцияларын, қоқыс өңдейтін зауыт салу, сондай-ақ, «ақылды қалалар» жүйесін дамыту жөнінде ынтымақтасуды ұсындық.Біздің аумағымыз күн белсенділігі жағынан, әсіресе, жаз мезгілінде көш басында, ал, бұл – жоғары қуатты күн электр станциясын салуға жақсы мүмкіндік.Бізде Сырдария өзеніне орнатылған «Ақлақ» гидротехникалық қондырғысы бар, міне, осы тұсқа қуаты 20-25 МВт гидроэлектр станциясын орнатуға болады.Аймағымызда табиғи энергия тапшылығы жоқтың қасы. Экономиканың жақын арада қаншалықты үдемелі қарқынмен дамитынын ескерсек, табиғи энергияға деген сұраныстың көбейетіні түсінікті.Ал, 300 мыңға жуық тұрғыны бар қалада қоқысты қайта өңдеу зауытын салуды «Құдайдың өзі бұйырғандай!» Бұл жоба бір мезгілде екі мәселені шешуі тиіс: қалдықтарды жағып жою және біршама  электр энергиясын өндіру.Бұдан басқа, біз әлемге әйгілі «Huawei» (Хуавэй) компаниясымен "smart-city" («ақылды қала») жобаларын жүзеге асыру тұрғысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) негізінде жасалған алғашқы жобаларды осы жылдан кешіктірмей, әсіресе, сол жағалауда жүзеге асыруды бастаймыз.Бұл жобалар – біз үшін өте маңызды. Оның үстіне, бұл бағыттардың барлығы  Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында көрсетілген, және де бұл – Жолдауды жүзеге асырудағы біздің нақты шараларымыз!Енді әлеуметтік сала туралы. Бұл салада да проблемалар жетерлік! Сондықтан, әлеуметтік блок бізде айрықша басымдыққа ие.  Облысымыз әлеуметтік салаға бөлінетін қаржының жан басына шаққандағы көлемі жағынан республикада бірнеше жылдан бері көш басын бермей тұр. Әрине, бұл осы салада қордаланған, шешілуі қажет проблемалармен де байланысты.  5 жыл ішінде жаңадан салынған 200 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, бұл – денсаулық сақтау, білім, спорт және мәдениет нысандары. Біз, ақырында, 2013 жылға дейін миллиардтаған қаржы бөлініп, құрылысы тоқтап қалған 34 ірі әлеуметтік нысанның да құрылысын аяқтадық.Мектептерде 3 ауысымда оқу мәселесі шешімін тапты. 2013 жылға дейін апатты жағдайда болып келген  37 мектептің мәселесі  2017 жылы түбегейлі шешілді.(Әрине, өмір бір орнында тұрмайды. 2018 жылдың қаңтарында жерасты суының көтерілуіне байланысты Жалағаш ауданының Шәменов ауылындағы № 34 мектеп те апатты деп танылды. Жаңа мектеп ғимаратының құрылысын салуды жақын арада бастаймыз деп жоспарлап отырмыз, осы аудан орталығындағы аудандық аурухана құрылысының да мәселесін биыл шешетін боламыз).2015 жылы елімізде бірінші болып «Балапан» бағдарламасын 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамти отырып, жүзеге асырдық.  Біздің балабақшалардың 71%-і мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) негізінде жұмыс істейді. 5 жыл ішінде олардың саны 2 есеге өсті. Осылайша, біз бюджеттің шығынын азайтып, бөлінген қаржыны басқа да маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмсаймыз.Айта кету керек, қазіргі күні біз кәсіптік-техникалық білім саласында да, денсаулық сақтау саласында да, көлік инфрақұрылымы саласында да, барлығы 60 жоба бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл әріптестік механизмді сол жағалауда жүріп жатқан құрылысқа да қолданудамыз.  Білім беру саласына келсек, бiлiм сапасын арттыру бойынша біз бесiншi жыл қатарынан жүргiзiп келе жатқан жұмыс өз нәтижесін беруді жалғастыруда (естеріңізде болса, біз қойған қатаң талап – жиырмадан астам мектеп директорының бір сәтте жұмыстан босатылуынан басталған).Нәтиже – 2017 жылы облыс бойынша ҰБТ орташа балы (82,4) тіпті республикалық орташа деңгейден (80,5) де жоғары болды.397 мектеп  бітіруші «Алтын белгі» алды – бұл да алдыңғы жылмен салыстырғанда (2016 жылы – 143) – жоғары көрсеткіш.Жыл сайын біздің балаларымыз республика бойынша «Серпін» бағдарламасымен оқуға гранттар алуда ең үздік нәтижелерді көрсетіп отыр. Бүгінгі күні 4000 бала осы бағдарлама бойынша білім алуда.Бәрінен де біз 2017 жылы мектеп түлектерінің 97%-ы жоғары және орта оқу орындарына түскендігін мақтан тұтамыз!  Ал, бұл маргинал жастардың әлеуметтік негізін әлдеқайда  азайтуға мүмкіндік береді!Осы тұста бәріміз де  ұлағатты ұстаздарға еңбектері мен шыдамдылықтары үшін ризашылық білдіруіміз қажет! Біз Сіздерге ең басты құндылығымыз – балаларымызды, болашағымызды сеніп тапсырамыз.Егер ХХ ғасырдың айқын сипаты мұнай мен газ болса, жаңа ХХІ ғасырдың айқындаушы факторы –  ақпараттық, цифрлық (санды) технологиялар болып табылады.  Бүгінгі күні бүкіл әлем тың бағыт – цифрлық технологияны белсенді игере бастаған кезде бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау – бірінші міндет болып табылады. 21-ғасырдың жаңа логикасына кіріге алмасақ, біздің қалып қоярымыз анық.Айта кету керек, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттерін тиімді жүзеге асыру мақсатында цифрлық технологияны дамытуда алдыңғы қатарлы тәжірибелерді алу үшін өткен апталарда Татарстанның Иннополис және Қытайдың Шэньчжен қалаларында болып қайттық.Көршілеріміздің бізден көш алыс кеткенін көріп, Мемлекет басшысының цифрлық технологияның даму деңгейіне және оның  әлемде дамып жатқан жылдамдығына бей-жай қарамау керектігі туралы талабының дұрыс екендігін анық сезіндік.  Елбасы Парламентте сөйлеген сөзінде: «Жаңғыру сағатында есепке жылдар емес, минуттар жүріп оты-рады» деп анық атап өтті емес пе?Қазақстан жаһандық технологиялық инновацияларға тек бақылаушы ғана емес, қатысушы болуы қажет! Осы жерде Мемлекет басшысының қатаң талаптар қоюы түсінікті.Осы себепті біз білім берудің барлық деңгейлерінде, мектепке дейінгі білімнен бастап жоғары білімге дейін жүйелік жұмыстарды ретке келтіруіміз қажет. Өйткені, экономикалық өсу мен барлық игіліктердің негізгі драйвері – адам, оның білімі, оның дүниетанымы!Өздеріңізге белгілі, 2014 жылдан бастап мектептеріміздің 452 түлегі бүгінгі таңда Мәскеу мен Санкт-Петербургтің үздік техникалық жоғары оқу орындарында Ресей Үкіметінің гранты бойынша оқып жатыр. Айта кету керек, біз осындай білім беруді ұйымдастырған бірден-бір облыспыз. Осы жазда алғашқы 65 бітіруші түлекті күтетін боламыз.(ред: Осы арада Мәскеу қаласынан  қызылордалық студенттер бейнебайланысқа шықты)
Бекзат Бөлеген, Мәскеу ұлттық технологиялық зерттеу университетінің 4-курс студенті:
– Мен болашақ технологиялық процестерді автоматтандыру мамандығының иесімін. Облыс әкімінің жолдамасымен Ресей Федерациясында білім алып жүрген барлық қазақ студенттердің атынан Елбасына және Сізге зор алғысымызды білдіреміз.Елімізде болып жатқан жақсы жаңалықтарды, әсіресе туған қаламыз Қызылорданың жаңарып, жаңғыруын, Сіздің бастамаңызбен іске асып жатқан идеяларды қолдап, мақтанышпен айтып жүреміз.Биыл алғашқы түлектер оқуларын аяқтап, сол идеяларды жүзеге асыруға атсалыспақ. Заман талабына сай бәсекеге қабілетті жастар туған жеріміздің дамуына аянбай еңбек етеді. Осы сәтті пайдаланып, Сыр еліне ыстық сәлемімізді жеткіземіз.      Рахмет, құрметті жастар! Оқуларыңызды аяқтаған соң Сіздерді елде күтеміз!Ал, осы жылдан бастап тағы 20 грантты М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Садовничий В.А.) «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша жыл сайын бөлетін болды, келісімге келдік.Сонымен қатар, Татарстанның Президентімен (Минниханов Р.Н) жыл сайын 20 адамды (өңір есебінен) ақпараттық және цифрлық технологиялар бойынша Иннополис университетінде оқыту туралы келісім бар.Біз «Microsoft» компаниясымен мамандарды бірлесіп дайындауды бастадық, «Сколково» жаңа технологиялар орталығымен ынтымақтастыққа жақсы мүмкіндіктер  пайда болды.Сонымен бірге, Өздеріңіз білесіздер, біз жыл сайын облыс әкімінің грантымен аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100 дарынды ауыл балаларын аймаққа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына жіберудеміз. Бүгінде осындай гранттарға 700-ге жуық (694) адам ие болды. Біз биыл осы бағдарлама бойынша 159 дарынды баланы оқытуды, оның 70%-ын болашағы бар ІТ- мамандықтарына бағыттауды жоспарлап отырмыз.Бізде дарынды жастар көп. Тек оларға қолдау қажет!Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айында HackDay 2017 алғашқы аймақтық фестивалін өткіздік. Шындығында, біз мұндай серпілісті күтпедік. 137 командада 500 жас қатысушы 24 сағат ішінде өз идеялары бойынша жұмыс істеді. Олар ұсынған жобаларға тіпті Алматыдан, Астанадан келген инвесторлар  қызығушылық танытуда.Біз осындай балалар үшін сол жағалаудан жастардың ІТ-паркін құрау туралы шешім қабылдадық.  Біздегі төртінші өндірістік революцияның міндеттерін іске асыруға қабілетті, озық және шығармашылық қабілеті бар адамдар ауадай қажет!Осы орайда Ресейдің «Кванториумдерді» құру тәжірибесі қызығушылық тудырады. Бұл – жоғары технологиялық жабдықпен жабдықталған және жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлау, инновациялық технологиялар мен идеяларды әзірлеу, тестілеу және енгізу үшін арналған балалар технопарктері. Бұл тәжірибені Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құруға пайдалануға болады деп ойлаймын.Қазір осы тәжірибені зерттеп жатырмыз.Жаңа ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне, біліктілігіне тек білім беру жүйесі ғана жұмыс істемеуі керек, бұл міндетті барлық әлеумет, орта «толықтыруы» қажет. Себебі, жастардың білімі, қабілеті мен дағдылары кез келген ұлттың ең маңызды және қымбат ресурсы болып табылады.2017 жылы денсаулық сақтау саласындағы маңызды басымдықтың бірі – апаттық нысандардың мәселесін шешу және олардың материалдық-техникалық базасын нығайту болды. Соңғы 5 жыл ішінде салынған 57 нысанның 49-ы апатты нысандардың орнына қайта салынып, жаңғыртылды. Қалған 8 нысанды жақын арадағы екі жылда аяқтаймыз деген ойдамыз.Өткен жылы Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі 150 орындық орталық аудандық аурухананы іске қостық. Биыл Арал ауданындағы 150 орынға арналған орталық аудандық аурухана (ОАА) пайдалануға беріледі. Жаңақорған кентіндегі 250 адамға арналған орталық аудандық емхана да толық іске қосылады.Ал, жыл аяғында,бұйырса, Шиелі ауданындағы орталық аудандық аурухананың құрылысын аяқтап, Жалағаштағы аурухананың құрылысына кірісеміз.2016 жылғы тамыздан бастап Байқоңыр қаласында облыстық медициналық орталықтың филиалы, 2018 жылғы қаңтардан бастап 30 мың қазақстандық азаматқа қызмет көрсететін емхана жұмыс істей бастағанынан хабардарсыздар.Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясында Арал ауданының Бекбауыл, Қазалы ауданының Өркендеу және Сырдария ауданының Ақжарма ауылдарында 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау жоспарлануда.Сонымен бірге, 2018 жылы Қазалы ауданында 250 орынға арналған жаңа емхананың және Қызылорда қаласында онкологиялық бөлімі бар 100 келушіге арналған емханасымен 300 төсекке арналған көпсалалы аурухана құрылыстарының жобаларын әзірлейміз. Жоба үлкен, нысан маңызды болады және оны айтып өткенімдей, облыс орталығының сол жағалауында салуды жоспарлап отырмыз.Өткен 2017 жылы 12 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде жаңа аталған Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі 150 орындық  орталық аудандық аурухана да бар.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында денсаулық сақтаудың тағы 24 нысаны бойынша жұмыс жасаймыз – 15 дәрігерлік амбулаторияның, 3 емхана құрылысының жобаларын әзірлеп және құрылысын бастаймыз, медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша 6 жобаны жүзеге асырамыз.Қазалы орталық аудандық ауруханасының негізінде Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін 3 теріасты қантамырлары орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.  Теріасты қантамырлары арқылы араласу – теріні кішкене тесу арқылы орындалып, қан тамыры артерияларының өтуін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ем процедурасы. Бұл процедура мейлінше қауіпсіз және емдеудің басқа да түрлеріне тән қан кету тәуекелін болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті енгізу – ишемиялық жүрек ауруы бар науқастар үшін өте маңызды.2018 жылы денсаулық сақтау мекемелерін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтуды 90%-ға жеткізетін боламыз. Салыстырсақ, 2015 жылы бар болғаны 43% болса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 76,5 %-ға жеткен.Естеріңізде болса, бірнеше жыл қатарынан біздің аймақта орта республикалық көрсеткіштерден жоғары және өлім жағдайларына жиі кездесетін ауру түрлері бойынша арнайы «жол картасын» іске асыру тәжірибесін енгіздік.Қазір тұрғындардың өлім көрсеткішінің 52%-ын анықтайтын аурудың 5 тобы бойынша  5 «Жол картасын» жүзеге асырып келеміз. Бұл карталар 2020 жылға дейін іске асырылады.Нәтижесінде, 2017 жылдың қорытындысы бойынша қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші 2,2 %-ға, сәби өлімінің көрсеткіші – 10,5%-ға, туберкулезден өлім көрсеткіші – 17%-ға, қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 8%-ға төмендеді.Ана өлімі 2017 жылы тіркелмеген.Денсаулық сақтау саласы – біздің жұмыстағы ең басым бағыты болып келді және бола береді. Жуық арадағы 3 жылда біз облыстың үшжылдық бюджетінде 97 түрлі денсаулық сақтау нысандарын салуды жоспарлаудамыз (негізгі ірі стационарларды салып бітірдік).Биылғы жылы, бұйырса, 32 объектіні іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз.Дәрігерлер мен мұғалімдердің кез келген елдің болашағын анықтайтынына күмән жоқ, осыдан бұл салалардың біздің өміріміздегі әлеуметтік басымдығы айқындалады.Спортта 2017 жылы Алматы қаласында XXVIII Бүкіләлемдік қысқы универсиаданың өтуі басты оқиға болды.Бұл бұрынғы кеңестік мемлекеттердің аумағында өткен алғашқы қысқы Универсиада болды. Ол тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы алғашқы әлемдік мульти-спорттық шара болып есептеледі.Әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан қызылордалық спортшылар 28 алтын, 27 күміс, 37 қола медальдарды жеңіп алды, ал, Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 204 алтын, 248 күміс, 345 қола медаль алды.VIII қысқы Азия ойындарында біздің Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан қола медальды жеңіп алды.Бүгінде жерлесіміз Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXIII (23) қысқы Олимпиада ойындарына қатысуда. Біз Элизабетке сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінсін деген ниет білдіреміз.Сондай-ақ, Хакімжан Елеусінов тоғызқұмалақтан 3 мәрте Әлем чемпионы атанды.Қамшыбек Қоңқабаев Әлем чемпионатында бокстан күміс медаль, Еламан Ерғалиев қазақ күресінен  «Қазақстан барысы» атағын жеңіп алды.Біздің жұлдызымыз Әсел Серікбай 15 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы шахматтан екі дүркін Әлем чемпионы атанды.  Айта кету керек, Арменияда 2012 жылдан бастап шахмат екінші, үшінші және төртінші сыныптарда міндетті пән болып саналады. Дұрыс тәжірибе!Шахмат балаларды стратегиялық ойлауға, шешім қабылдауға және көшбасшылық қасиеттерін көрсете білуге үйретеді! Бұл қазіргі цифрлық дәуірде қажетті қасиеттер!  Компьютерлік бағдарлама жасау және ақпараттық кодтауды да қосуға болады.«Қайсар» футбол клубы 2017 жылы Қазақстан чемпионатының Премьер-лигасында 6-орынды иеленді, «Байқоңыр» футбол клубы бірінші лигада 5-орынды жеңіп алып, маусымды табысты аяқтады.Қоғамдық сананы қалыптастыруға, әрине, мәдениет саласы үлкен ықпал етеді. Елбасының айтуынша, бұл бағыт мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала береді.Соңғы 5 жылда облыстың мәдениет саласының бюджеті 2 есеге артты.Ауылда мәдениетті дамыту үшін ауылдық клубтардың қызметкерлер штатын 420 штаттық бірлікке – 2 есеге нығайттық.Облыста алғаш рет көркемсурет галереясы ашылды, Н.Бекежанов атындағы облыстық музыкалық драма театрының жанында жастардың театр труппасы өз жұмысын бастады. Классикалық камералық оркестр құрылды. Бұндай Қызылордада тіпті кеңестік кезеңде де болмаған. Республикада бірінші болып облыстық архивтің жаңа ғимаратын салдық.2013 жылы аймақта алғаш рет мәдени мұра бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды, құрамында республиканың белгілі білім-ғылым-мәдениет қайраткерлері, археологтар, тарихшылар, реставраторлар, музей қызметкерлері бар. Кеңестің жұмысының нәтижесі де бар – 2017 жылы Қорқыт Ата мұралары ЮНЕСКОНЫҢ халықаралық мәдени мұра алдын-ала тізіміне енгізілді. Сонымен бірге, осы тізімге тағы 9 ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Кескен күйік, Шірік Рабат, Бәбіш мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері мен Сауысқандық петроглифтері енді.  Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалды ескерткіші жаңғыртылды.Сыр – Алаштың анасы, кезіндегі панасы.Сондықтан, біз мәдениеттердің, тілдердің өзара қарым-қатынасында мәдени мұраны игеру мен насихаттауда, ұлттың генетикалық кодын сақтауда қазақ қоғамында  көшбасшы аймақ болуымыз қажет.Жақында ғана өз жұмысын бастаған аймақтық Рухани жаңғыру орталығының қызметіне қолдау көрсету – бәріміздің азаматтық парызымыз!Облыстың 2017 жылға арналған бюджеті бұрынғысынша, ең алдымен, барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға жоспарланғанына қарамастан, өңірді дамытуға бюджет қаржысынан  49 млрд. теңге бөлінді. 2017 жылы тек қана әлеуметтік нысанның өзінен елуге жуық (48)  нысан салынды, оның 20-сы 2017 жылы пайдалануға берілді, енді 28-і осы жылы салынып бітеді. Жалпы алғанда, аймақта 5 жыл ішінде 200 әлеуметтік нысан салынып, пайдалануға берілді.Қылмыстар мен қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс басым маңызға ие болып қала береді. Жалпы алғанда, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты деп бағаланады. Облыс бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны жыл ішінде 11%-ға төмендеді.Ішкі істер органдары жұмысының сапасына олардың  материалдық-техникалық жабдықталуы айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан, бұл мәселеге айрықша көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы осы мақсаттағы жұмыстар үшін облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінді, бұл – 2016 жылға қарағанда 2,3 есе артық.Нәтижесінде, аймақта қылмыстың барлық түрінің азаюы байқалады. Мәселен, ауыр қылмыстар саны 6,8%-ға, тонау 14,5%-ға, ұрлық 15%-ға, бұзақылық саны 40%-ға төмендеді. Сондай-ақ, алаяқтық фактілері 15,4%-ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 21%-ға, көшедегі қылмыс саны 14,4%-ға төмендеді.Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 58%-дан 75%-ға дейін көтерілсе,  тонау қылмыстарының ашылуы  54%-дан 70%-ға дейін, ал, бұзақылық қылмыстарын  ашу деңгейі 54%-дан 65%-ға дейін көтерілді.Бұдан басқа ағымдағы жылы HUAWEI (Хуавэй) қытай компаниясымен бірлесіп, мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде «қауіпсіз қаланы» жасау жобасын жүзеге асыруды бастаймыз. Оның шеңберінде  қалалық жолаушылар көлігінде тағы да 1000 фото және бейнебақылау камералары орнатылады деп болжануда. Біз бұл жобаның Қытайда қалай жұмыс жасайтынын, барлық жерде дерлік орнатылған көше бейнекамераларынан алынатын ақпараттардың орасан зор көлемін қаншалықты тиімді пайдалануға болатындығын көріп таң қалдық.  Біз де аула ахуалын домофондар арқылы бақылауды жоспарлап отырмыз, мәліметтер ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығына жеткізіліп отырады.Енді Байқоңырға қатысты бірер сөз.2016 жылғы 26 желтоқсанда Мемлекет басшыларының Санкт-Петербург қаласында өткен дәстүрлі кездесуі аясында «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары «Байқоңыр» кешенінде әрі қарайғы ынтымақтастық тұжырымдамасын бекітті.«Байқоңыр» кешенін сақтау және дамыту, оның қызметінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудан басқа Тұжырымдама кешеннің экономикасын әртараптандыруды қамтамасыз ету және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеру мақсатын көздейді.Осы мақсатта Байқоңыр қаласын ұзақ мерзімді дамытудың бірлескен бағдарламасы әзірленіп, оның шеңберінде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды түбегейлі жақсарту басталып та кетті. Жаңа әлеуметтік, тұрғын үй және өндірістік нысандар салу, сонымен қатар, инвестиция тартуға қолайлы жағдайлар туғызу жоспарлануда.Келіссөздер нәтижесінде 2017 жылы Ресей Федерациясының жалға алуынан шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 11,6 мың гектар жер алынды. Қазір тағы да 3,4 мың гектар жерді алуды Ресей тарапымен келісудеміз.  Көпқабатты 5 тұрғын үйдің (50 пәтерлік) құрылысы, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Байқоңыр қаласын газбен жабдықтау басталды (табиғи газға 6 тұрғын үй, 6 мектеп пен балабақша қосылған).Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамымен бірлесіп, ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін газбен жабдықтау жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімнің жобасын әзірледі, қазір Ресей тарапында келісімде жатыр.  Иә, қала басқа елдің уақытша құзыретінде.Бірақ, мен бұрын мәлімдегендей, «біз ғарыш айлағын жалға берсек те, Қазақстанның азаматтарын жалға берген жоқпыз!»Сондықтан, 2014 жылы 6 мектеп пен балабақшаны қазақстандық білім стандартына көшіруді, қаланың аумағында облыстық медицина орталығы (ОМО) және емханалар филиалдарының жұмысын ұйымдастыруды, қаланың тұрғын үйлерін салуды және газдандыруды бастар алдында екі елдің Келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі екі тараптың мемлекеттік органдарының келіссөздері мен орасан зор жұмыстары арқылы іске асатынын ескеру қажет.Сондықтан, бұл жұмыстың нәтижелерін дұрыс бағалау керек.
Құрметті жерлестер!2017 жылы әлемдік дағдарыстың салдарын жеңіп, еліміз сенімді өсудің жолына оралды.Бүгінгі Қазақстан – экономикалық, саяси, әлеуметтік, инновациялық, зияткерлік және рухани әлеуеті зор, беделді, мәртебелі, бар әлемге ашық ел.Алайда, біз бүгінгі күні әлемде бұрын ақылға сыйымсыз болып көрінген түбегейлі өзгерістер болып жатқанын түсінуіміз керек. Бұл өзгерістердің жылдамдығы күннен-күнге үдеп келеді.Экономикада бұрынғысынша қосымша құн ұғымы маңызды (добавленная стоимость), бірақ, оны қалыптастырудың негізгі құралы болып цифрлық (сандық) технология саналады.Цифрлық экономика біздің кейбір ескі идеяларымыз бен дамудың қарқыны мен сапасы жайлы түсініктерімізді жоққа шығарады.Ол көз алдымызда жаңа бүкіләлемдік Цифрлық революцияға айналуда.Әрине, бұл жаңа заманның жаңа шақыруларының сын-тегеуріні де бар. Бірақ, мүмкіндіктері де зор!Сондықтан, цифрлық болашақтың алдында үрейленгенмен, одан қорқудың қажеті жоқ.Егер дәстүрлі экономика, бейнелеп айтқанда, арбаның жылдамдығымен қозғалса, цифрлық экономика дыбыстан жылдам ұшақтың жылдамдығымен дамуға мүмкіндік береді!Цифрлық әлем: «Сіздер өзгерістерге дайынсыздар ма?»,- деп сұрамайтындығын барлығымыздың түсінгеніміз маңызды – өйткені, әлем ғаламдық өзгеруде. Джек Уэлчтің («Дженерал электрик»-тің негізін салушы): «Егер сырттағы өзгерістер іштегіге қарағанда тезірек болса, онда ол құрдымның жақындағаны» деген сөзі бар екен.Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында ақпараттық-технологиялық шешімдердің барлық салада енгізілуі бойынша нақты міндет қойды. Бұл өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, агроөнеркәсіп пен әлеуметтік саланы да қамтитын болады.Жаңа технологияларға ауысу – біздің ықтиярымызға қарамай, болмай қоймайтын дүние екенін барлығымыз түсінуіміз қажет. Осы өзгерістің жылдамдығы мен табыстылығы күнделікті жұмысымызда және бизнес-процестерде заманауи технологияларды біріктірудің қажеттілігін неғұрлым тез түсінуімізге де байланысты болмақ.Бұны ақиқат және аксиома ретінде тануымыз керек, оларды енгізудің дамуға қажеттілігін түсініп, форматты өзгерту, жаңа цифрлық қызметтер сияқты жұмысты бастау, қызметкерлерді жаңа технологиялармен жұмыс жасауға үйрету қажет.Күнделікті тірлікпен ғана өмір сүруге болмайтынын тағы да баса айту қажет. Мемлекеттің де, жеке бизнестің де ресурстары тек қана дамуға, тек қана стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге жұмсалуы  қажет.Қызылорда облысы өзінің барлық – табиғи, адами барлық ресурстарымен Қазақстанның болашақ ауқымды серпілісіне өзінің лайықты үлесін қосуы керек.Ақпараттық және цифрлық технологиялар дәуірінде «периферия» түсінігі жоқ, тек санасы кейіндеп, шеттеп қалған «перифериялық саналы» адамдар ғана болуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өміріміздің барлық қызмет салаларында шұғыл бетбұрыс жасауға анық мүмкіндік бар.
Құрметті жерлестер, әріптестер!2017 жылы облыста атқарылған жұмыстар жайлы егжей-тегжейлі есеп бұқаралық ақпарат құралдарында бір жеті бұрын жарияланды. Сіздер онымен жан-жақты таныса алдыңыздар.Бүгінгі баяндамамда жұмысымыздың мейлінше маңызды деген тұстарына айрықша мән беруге тырыстым.Сіздермен бетпе-бет тілдесуге көбірек уақыт қалсын деп, баяндаманы мүмкіндігінше біршама қысқарттық, сұрақтарға жауап беруге қажетті уақыт бөлсем, есебім де мейлінше нәтижелі болады деп санаймын.Қазір тікелей осыған көшуді ұсынамын.
15 ақпан 2018 ж. 881 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930