Өрікті жеуге болмайтын кездер
Өрік ағашы гүлдеп, тәтті жемісті тұтынатын мезгіл де алыс емес. Бала кезден таныс дәмнің ағза үшін қандай пайдасы бар екен, бүгін соны талқылайық. Өрік – бұл раушангүлділер тұқымдасына жататын қара өрік тұқымының ағашы. Өрік жемісі – етті немесе құрғақ сүйекжеміс, жұрындалған, әдетте сары, қою сары түсті болады. Өрік жұмсағының химиялық құрамы мен пайдалы қасиеттері Жұмсақ өрік жемісі 10,5% қанттан тұрады. Сонымен қатар онда: - алма қышқылы; - шарап қышқылы; - лимон қышқылы; - крахмал; - пектин; - илік зат; - дәрумендер; - йод; - калий тұзы; - натрий тұзы; - фосфор тұзы; - темір тұзы болады. Өрік шырыны мен кептірілген өрік жүкті әйелдерге және бала емізетін әйелдерге өте пайдалы. Сонымен қатар, қан аздық, авитаминоз кезінде өрік жемісін тұтыну құпталады. Ұзақ қалжырататын аурулардан кейін рационға өрікті қосу ұсынылады. Құрамында С дәруменінің молдығы суық тию мен жұқпа аурулардың алдын алуға көмектеседі. Өрік құрамына кіретін А витаминдер негізі көз көру мүшесінің саулығына оң әсер етеді, сонымен бірге тері денсаулығы мен ағзаның түрлі ауруларға төтеп бергіштігін ұлғайтады. Өрік құрамындағы жоғары деңгейдегі В дәрумендер тобы жүйке және жүрек-тамыр жүйесіне жақсы әсер етеді. Өрік дәнінен косметикалық заттарды жасауға пайдаланылатын май алады. Өріктер ас қорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, сондықтан іш қату кезінде осы жемісті тұтыну ұсынылады. Жемістің құрамына кіретін заттектер қантүзілуге жақсы әсер етеді. Оған қоса өріктер ағзаны уланудан тазартады, артық холестеринді шығарады. Өрікті тұтынуға болмайтын жағдайлар Құрамында қант көп болатындықтан қант диабетімен ауыратын адамдарға бұл жемісті тұтынуға болмайды. Жаңа піскен өріктер қышқылдығы жоғары гастритпен ауыратын адамдарға зиян болуы мүмкін, сонымен қатар бауыр, панкреатит, асқазан жарасы және ұлтабар аурулары кезінде өрікті тұтынуды шектеген жөн. Өрікті мөлшерден тыс көп тұтыну іштің бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл жемісті шамадан тыс көп жеу артериялық қысымның түсуіне және бас айналуға ұрындыруы ықтимал.
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/18499
Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/18499