» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы


Құрметті аудан тұрғындары!


Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күндері исі мұсылман баласы Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді, жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке қайырымдылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектер жолдап, имандылыққа шақырады.
Дін тірегі – имандылық. Ал имандылық әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет-парасат жолымен ғана жүруге үндейді.
Қазақ елін әлем жұртшылығы бірлігі бұзылмаған, ынтымағы жарасқан ел ретінде таниды. Шүкір, бірнеше ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Басымызға қонған бақытты Жаратушы Алланың қазаққа берген несібесі деп білеміз.
Бүгінгі таңда ауданымызда жаңа мешіт бой көтеруде. Алла қаласа, жуық арада есігін айқара ашып, Жаратқанға құлшылық етер, имандылық дәнін себер қасиетті орынға айналары сөзсіз.
Қадірменді бауырлар!
Алла Тағала баршамызға береке-бірлік, ынтымақ пен бейбіт өмір сыйласын.
Құрбан айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев
10 тамыз 2019 ж. 857 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930