2021 жылы оқу бағдарламасына әліппе қайта енгізіледі
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында мектеп бағдарламасына әліппені қайтару қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
«Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар болсын көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деп айтты министр.Ведомство басшысы әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанына тоқталды.
«Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар, енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. «Неге?» деп сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе бұл эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз», - деді ол.
stan.kz