» » ҰБТ енді электронды жүйеге көшуі мүмкін

ҰБТ енді электронды жүйеге көшуі мүмкін


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ҰБТ өткізу процедурасын трансформациялау жоспарланып жатқанын айтты. Тестілеу енді электронды жүйеге көшуі мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Осы ретте оқушылардың жүйені алдау жолдарын іздеу фактілерінің орын алып отырғандығын атап өткім келеді.

Телефон алып кіріп, өзінің білімі мен дағдысымен емес, басқа да қосымша құрылғылардың көмегімен көбірек балл алуды ойлайды.

Бұл ретте біз Ұлттық бірыңғай тест тапсыруды біртіндеп электронды жүйеге көшіруді жоспарлап отырмыз", - деді министр Аймағамбетов.

Сондай-ақ, ҰБТ гранттарды бөлудің ашықтығы мен әділдігіне кепілдік беруі қажет екенін айтты.
Айта кетейік, білім министрі әліппені қайтаруға уәде берген болатын.

kaz.nur.kz
16 тамыз 2019 ж. 561 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930