Шымкент ауруханасында дәрігер мейірбикені зорлап тастаған
Шымкентте нефролог дәрігер жұмыс орнында мейірбикені зорлап тастады деп күдіктеліп отыр. «НеМолчи» қоғамдық қорының ерікті заңгері Данияр Жиенбаев оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Жиенбаевтың сөзінше, оқиға 16 сәуірде Шымкенттің облыстық клиникалық ауруханасында орын алған. Дәрігер мен мейірбике бір жерде жұмыс істеген.
«Сол күні дәрігер еңбек демалысынан жұмысқа шыққан. ... Ол қарапайым ауылдың қызы. Өзімен-өзі өмір сүріп жатқан. Ата-анасы, туыстары, көршілерінің барлығы оның зорланғанын біледі. Олар бұзылған әйел екенін бетіне айтады екен. Бізде әйелдер өздері кінәлі, ерлерді еліктіреді деп санайды», - дейді заңгер.
Қор өкілінің сөзінше, зорлық жасады деп күдіктелген 30 жастағы дәрігер үйленген, екі баласы бар. Мейірбикенің де қызы бар екен.
Оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға шағымданғанымен, 21 мамырда дәлелдер мен қылмыс құрамы жоқ деген себеппен іс жабылған. 22 мамырда мейірбикенің өкілдері Әл-Фараби аудандық прокуратурасына қылмыстық істің заңсыз тоқтатылған туралы шағым түсірген. Арада бір ай өткеннен кейін істі тергеуге жіберген.
Заңгер мейірбикенің әлі де сол ауруханада жұмыс істеп жүргенін және күдіктінің онымен татуласуға тырысуда екенін айтты.
«Оған кешірім сұрап хабарлама жазған. Қателескенін айтқан», - дейді ол.
Шымкенттік полиция департаментінің мәліметінше, күдікті тұтқындалған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 120-бабы 1-тармағы (Зорлау) және 121-бабына (Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеті) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.