» » Сібірдегі қазба жұмыстары кезінде 2100 жылдық "айфон" табылды

Сібірдегі қазба жұмыстары кезінде 2100 жылдық "айфон" табылды

   


    Тыва Республикасында археологтар заманауи смартфонға ұқсайтын ерекше тік бұрышты құрылғы тапқан. Аталған археологиялық қазба 2016 жылы табылғанымен, ғалымдар бұл туралы енді ғана айтты, деп хабарлайды The Siberian Times.
    IPhone-ға ұқсас құрылғы деген археологтар, оны 17 метр тереңдіктегі жас әйелдің қабірінен табылғанын айтады. “Айфонның” ұзынды 18 см, ені 9 см, яғни, бүгінгі смартфондардай. Қазба орны “Саян” деп аталатын Ала-Тей қорымы, Саян-Шушенск су электр станциясының жоғарғы жағында орналасқан. Жалпы, қазба орнынан тағы 110 бейіт, сондай-ақ тұрмыстық заттар, киім және қыш заттар табылған. Қабірлердің жасы шамамен 2100 жыл. Жерлеу рәсімдерін зерттеген ғалымдар, бұлай жерлеу Хунну империясына тиесілі екендігін айтады. Хунну империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І ғасырының аяғына дейін өмір сүрген көшпелі халықтар мекені болған.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/58661
14 қыркүйек 2019 ж. 2 096 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 440

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930