» » Қазақстанда минус 3 градусқа дейін үсік жүреді

Қазақстанда минус 3 градусқа дейін үсік жүреді

ÒазаÒÑÑанда минÑÑ 3 гÑадÑÑÒа дейÑн Ò¯ÑÑк жүÑедÑ

Биылғы жылдың 24-26 қыркүйегінде елімізде үсік жүреді. Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасаған синоптиктер осылай деп отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Мамандардың болжамынша, демалыс күндерінде Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және орталығында күндізгі температурасы +33-39°С байқалған аномальді ыстық қыркүйекке тән ауа райына ауысады. Бұл суық фронттардың өтуімен байланысты.
«Арктикалық суық фронттардың өтуінің әсерінен еліміздің орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, күшті екпінді жел соғып, түнде ауа температурасы минус 3°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. Ал батыс және солтүстік облыстарда суық фронттардың ықпалынан жаңбыр жауады, сонымен қатар ауа температурасының төмендеуі басталды», - дейді синоптиктер. 
Алдағы үш тәулікте аталған өңірлерде жауын-шашын сақталады, ал түнгі және күндізгі уақыттарда тұман тұтып, үсік жүреді деп күтіледі.

23 қыркүйек 2019 ж. 447 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930