» » “Жәрдемдегі” мамандар алғысқа бөленді

“Жәрдемдегі” мамандар алғысқа бөленді

Сейсенбіде теміржол вокзалына аялдаған «Жәрдем» пойызы екі күн қатарынан аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емханаға келген жұртшылық невропатолог, терапевт, окулист, лор, гинеколог, стоматолог, УЗИ, ЭКГ кабинеті, лаборатория, флюро кабинеті, хирург, уролог бойынша тәжірибелі дәрігерлерден кеңес алып, амбулаториялық тексеруден өтті.
Нұр-Сұлтан қаласынан «Жәрдем» пойызы келеді дегенді естіген көпшілік жаппай станция маңына жиылып, білікті дәрігерлерден тегін диагностикалық кеңес алуға және үздік мамандарға қаралуға қол жеткізді. Мемлекеттік бағдарлама аясында жолға шыққан бұл пойыздың мақсаты да – осы.
– Жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акцио­нерлік қоғамының әлеуметтік жобасы не­гізінде тұрғындар үшін маман­дан­ды­рыл­ған «Жәрдем» емдік-диагнос­тика­лық пойызы өз жұмысын жалғастыруда. Ха­лық­тың денсаулығын жақсар­туды көздеген бұл пойызда білікті дәрі­герлер емделушілерге ем-дом жасап қана қоймай, тегін кеңес те беретін болады. Бұл шалғайда тұратын аудан тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік деп білеміз, – дейді «Жәрдем» пойызының бас медбикесі Дана Сағымбекова.
Жылжымалы емхананың бас дәрігері Ләззат Сәпиева мұнда күніне жүзге жуық адам келіп, медециналық кеңес алатынын айтты. Жалпы мұнда науқастарды толық тексеруге, амбу­латориялық ота жасауға, емдеу кабинеттерінің қызметтерін көрсетуге толық жағдай жасалған және зертханалар және диагностика кабинеттерімен жабдық­талған.
Біз өз кезегінде тексерілуге келген тұрғын­дарды да сөзге тарттық. Соның бірі Жалағаш кентінің тұрғыны Сымбат Мырзабаева.
– «Жәрдем» пойызы кентке аялдағанын естіп, осында келдім. Себебі күнделікті тірлік қамымен жүріп, ем алуға қол басамайды. Міне, бүгін білікті дәрігерлердің қарауында болып, қажетті кеңес алдым. Дәрігерлердің қызмет көрсету жұмысына көңілім толады. Тұрғындарға жақсы қарап, қажетті кеңесін беруде, – деді ол.
Ал Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны Әсел Өмірзақова дәрігерлерге разы екенін жеткізді.
– Мен терапевт дәрігерінің қабылауында болдым. Содан шығып, стоматологқа қа­рал­дым. Білікті мамандар дертімді анықтап, қажетті жаттығулар жасап, дәрі-дәрмектер қа­былдауға кеңес берді. Өздеріңіз көріп тұр­ғандай, кент және ауыл тұрғындары көптеп келуде. Барлығы да өз дертін анықтауға мүмкіндік алғандарына дән риза, – деді Әсел бізбен әңгімесінде.
Адам саулығы – бәрінен қымбат. Еліміз денсаулық сақтау саласына ерекше ден қойып отыр. Оның бір ғана дәлелі – бірнеше жыл бұрын қолға алынған жылжымалы емхананың атқарған жарқын істері. Айта кетейік, «Жәрдем» пойызы облыс аумағына 25 қыркүйек күні кіріпті. Содан бері Жаңақорған кенті және Бәйгеқұм, Тартоғай, Майлытоғай, Сұлутөбе, Бірқазан, Қараөзек ауылының тұрғындарына меди­циналық қызмет көрсеткен.
Иә, қалай десек те, “Жәрдемдегі” ма­мандар елдің алғысын алды, тұрғын­дардың ризашылығына бөленді.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ

12 қазан 2019 ж. 411 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930