» » Жел күшейіп, тұман түседі

Жел күшейіп, тұман түседі

 Сәрсенбіде ел аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тек батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерінде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар).
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түсуі ықтимал, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.
Қостанай, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Қостанай, Ақмола облыстарында көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Түнде Түркістан облысының кей жерлерінде үсік жүреді.



23 қазан 2019 ж. 519 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30