» » Жастарға жасалған мүмкіндік

Жастарға жасалған мүмкіндік

Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы негізінде оқыған 80-ге жуық азамат кәсіп бастауға мүмкіндік алды.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаға қатысушы жастарға өз кәсібін бастауға мемлекеттен қайтарымсыз 200 АЕК көлемінде, яғни 505 мың теңге грант беріледі.
Кәсіп бастауға өтініш білдірген азаматтар алдымен «Бизнес-бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерінде оқыды. Оны тәмамдаған соң өз бизнес жоспарларын комиссияға ұсынады. Комиссияның оң шемімін алғаннан соң жас кәсіпкерлерге 505 мың теңге көлемінде ақшалай қолдау жасалады.
– Бағдарламаға қатысушылар 25 күндік оқу курсынан өтіп, бизнес жоспарын әзірледі. Егер бизнес жоспарын әзірлей алмаған жағдайда «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы бағдарлама шеңберінде әзірлеуге көмектеседі. Сонымен бірге 25 күн бойы оқығандарға бір жолғы степендия төленеді. Бизнес-тренерлер кәсіпкерлік негіздеріне оқытып, саладағы заңнамалар, маркетинг стратегия, салыққа қатысты мәліметтерден хабардар етеді. Оқу курсы барысында өз ісін бастаушыны жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге, бизнес-жоспарларын әзірлеп беруге тегін көмектеседі.
Жалпы түсінген жанға, бұл бағдарлама – екі қолға бір күрек таба алмай жүргендерге үлкен мүмкіндік, – дейді кәсіпкерлік палатаның аудандық филиалының директоры Самат Карипов.
Бұл жобаға қатысу үшін ниет білдіруші азаматтар аудан әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту орталығына немесе өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш беріп, әрі қарай палатаның филиалына жолданады. Бұған дейін үміткерлер үшін тес­тілеу ұйымдастырылып, емтихан қоры­тындысы бойынша оқуға қабылданды.
Айта кетейік, «Бастауға» жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтыған азаматтар және өз ісін кеңейтуді көздейтін кәсіпкерлер қатыса алады. Оқуға қатысушыларға бизнес-тренер Арыстан Молыбаев дәріс беруде. Жыл соңына дейін грант иегерлері тағы да бірнеше адаммен толығады. Өйткені қазірдің өзінде кәсіп бастауға ниетті азаматтар оқу курсын жалғастырып жатыр.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
05 қараша 2019 ж. 439 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930