» » «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ МАУСЫМЫ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ІІІ МАУСЫМЫ БОЙЫНША ДАУЫС БЕРУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Дауыс беру кезеңі 2019 жылғы 20 қарашаға дейін жалғасады.
Жобаға Қызылорда облысынан 122 өтінім берілген. Соның ішінде 8 үміткер Жалағаш ауданынан қатысып отыр.
Жас та болса біршама жетістіктерге жеткен жалағаштық жобаға қатысушы замандастарымызды қолдауға, дауыс беруге, жеңімпазды анықтауға атсалуға шақырамыз.

ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУ КЕРЕК?
https://100janaesim.ruh.kz/ сілтемесі арқылы немесе кез келген іздеу жүйесі арқылы жобаның негізгі сайтына өтіп, тінтуірді қалаған қатысушыңызға жақындатсаңыз «дауыс беру» тетігі шығады. Сол тетікті бір рет басу арқылы сіз анкетаға өте аласыз. Анкетаның (қатысушы фотосының) астында тұрған «дауыс беру» тетігін тағы басқан соң, жүйе сіздің электронды мекен-жайыңызды сұрайды. Электронды мекен-жайды енгізу арқылы құпия код ала аласыз. Құпия кодты көрсетілген жерге жазу арқылы сіз қатысушыға дауыс бере аласыз.
Бір адам бір ғана дауыс бере алады.

Есте сақтаңыз! «Дауыс беру» – «дауыс беру» – «электронды мекен-жайды енгізу» – «құпия кодты жазу»
06 қараша 2019 ж. 1 036 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031