» » Қызылорда облысындағы Әйтек су торабы апатты жағдайда

Қызылорда облысындағы Әйтек су торабы апатты жағдайда

Сырдария өзені бойында орналасқан гидронысанның темір жақтаулары төмен сырғып, су асты бетон платформасы 6 метрге шөккен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мамандар 12 арнайы техникамен күндіз-түні нысан басында. 2004 жылы 1,5 миллиард теңгеге салынған тораптың кепілдік мерзімі 20 жылға жетпей сыр берді. Секундына 700 текше метр су өткізетін гидроқұрылғы арқылы Жалағаш, Сырдария аудандарының егістігі суарылады. Сонымен қатар Еліктай, Соркөл және Әйтек каналдары толтырылады. Қазіргі таңда тоспа түгел құлап қалмауы үшін қабырғалары 13 тонна таспен бекітілді. Бірақ бұл уақытша қауіпсіздік шаралары болып саналады. Нысан толық жаңғыртылмай су түгел торапты шайып кетсе, 16 мың гектар алқап тіршілік нәрінен қағылады.
«Жыл аяғына дейін сүңгуірлерден құралған жобалаушы топ өкілдері нысанды толық зерттеуден өткізеді. Келер жылдың сәуір айына дейін жобалық-сметалық құжаттары дайын болуы тиіс. Өйткені егіс алқаптарын суару кезеңінде құрылысты бастап, 6 айда аяқтауымыз қажет. Ұзындығы 58, ені 54 метрді құрайтын нысанда қазір төтенше жағдай жарияланды. Жөндеу жұмыстарына қажетті қаржы көлемі әзірге белгісіз», - дейді «Қазсушар» РМК филиал директорының орынбасары Хамит Биімбетов.
06 қараша 2019 ж. 501 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930