» » ЕҚДБ вице-президенті Қазақстан жайында: Бұл елдің болашағы зор

ЕҚДБ вице-президенті Қазақстан жайында: Бұл елдің болашағы зор

Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті Бетси Нелсьон Қазақстанның болашағы зор екенін айтты. «Бұл елге қарап тұрып, оның болашағын, өсімін көремін. ЕҚДБ елдеріңіздің өсіміне үлес қосу үшін не істеді? Біз әлемнің 30 елінде жұмыс істеп, БАҚ-пен, жеке сектормен өзара іс-қимылды жүзеге асырамыз. Консультациялық жұмыс жүргізіп, экономикалық департаменттермен жұмыс істейміз. Қаржы институттарымен көптеген мәселелерді қарастырамыз және бұл әйелдердің мақсатына жетуіне септігін тигізеді. Жеке секторда Алматыда жүзеге асырып жатқан жобаларымыз да бар. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында гендерлік аспектіге назар аударып, әйелдердің қатысуына баса мән береміз», - деді ол елордада өтіп жатқан ІІ Қазақстанның ауыл әйелдері форумында.
ЕҚДБ вице-президенті Қазақстан жайында: Бұл елдің болашағы зор
Оның атап өтуінше, әйелдер бұл өмірде белгілі бір мүмкіншіліктерді ала алмай отыр. Яғни, ертеректе тек еркектер ғана айналысуы тиіс делінетін салаларға қатыса алмауда. «Біз мұндай мүмкіндіктерді зерделейміз. Мәселен, әйелдер трактор жүргізушісі болып жұмыс істей ала ма? Егер сіздің трактор жүргізуге лицензияңыз болмаса, онда сіз бұл саладан тыс қалдыңыз деген сөз. Сіз автобус та жүргізе алмайсыз. Демек бұл индустриядан да тыс қалып отырсыз. Сондықтан олардың өздері бұл салада жұмыс істегісі келмейді деген ой қалыптасқан. Біз Үкіметке жүгінгеннен кейін қазір Алматы көшелерінен автобус жүргізген әйелдерді көре аласыздар. Бүгінде Үкімет бізбен бірге қайта қаралуы тиісті заңдарды қарастырып жатыр. Және де біз әйелдер ала алмай келген мамандықтарды қараймыз. Үкіметке заңнаманы қайта қарауға тура келеді және біз бұл ретте нақты табысқа қол жеткіземіз», - деді ЕҚДБ вице-президенті.
inform.kz
08 қараша 2019 ж. 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930