» » Бюджеттен "Назарбаевқа" 330 миллион доллар бөлінбек

Бюджеттен "Назарбаевқа" 330 миллион доллар бөлінбек

Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» зымыран кешенін дамытуға 330 миллион доллар бөлінеді. Бұл жөнінде премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

Оның сөзінше, Қазақстан бұған дейін Ресеймен «Бәйтерек» зымыран кешенін бірлесіп жасауға уағдаласқан. Осыған байланысқы бюджеттен 330 миллион доллар бөлінбек. Әзірге жобаның қашан басталатыны белгісіз.
Бұдан бөлек, Мамин Байқоңыр ғарыш айлағындағы «Гагаринский старт» кешенін күрделі жөндеуден өткізуге бағытталған бағдарлама жасалып жатқанын жеткізді.
Айта кететін бір жайт, қыркүйек айында Ресей президенті Владимир Путин «Бәйтерек» кешенін «Назарбаев» деп өзгертуге ұсыныс жасаған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев қабыл алған. «Интерфакс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресей тарапының бастамасымен болашақта «Гагаринский старт» кешеніне де «Назарбаев» аты беріледі.

14 қараша 2019 ж. 713 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930