Ресей «Бәйтерек» зымыран кешенін құрастыруға кірісті
Ресей «Бәйтерек» зымыран кешенін құрастыруға кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2018 жылы ресейлік тарап «Зенит М» ғарыштық зымыран кешенін Қазақстанға тапсырды. Қазір оны эксплуатациялау мәселесімен Ресей мен Қазақстанның бірлескен «Бәйтерек» кәсіпорны айналысуда. Ресей тарабы ортақ кешеннің құрылысы бойынша өз міндеттемелерін атқаруға кірісіп кетті. Біз «Союз 5» зымыранын құрастыруды бастадық. Біздің тарап үшін «Бәйтеректің» құрастырылуы маңызды. Себебі сынақтық және одан арғы маңызды ұшырылымдар үшін «Союз 5»-ті нақты сол кешеннен ұшыруды жоспарлап отырмыз», - деді «Роскосмос» корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Анатолий Красников елордада өткен брифингте.
Оның айтуынша, кешеннің құрылысына Қазақстанның көптеген кәсіпорындары жұмылдырып, жаңа жұмыс орындары ашылады, жаңа жоғары білікті мамандар даярланып шығады.
«Біздіңше, бұл Қазақстанның жоғары технологиялы салаларына, жалпы елге игі әсерін тигізеді», - дейді ол.
Бұдан бөлек А.Красников Ресейдің ғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары Қазақстанның ғарыштық байланыс жүйелерін салуға да қатысқанын тілге тиек етті.