» » Елімізде минус 33 градусқа дейін суытады

Елімізде минус 33 градусқа дейін суытады

Синоптиктер 19-21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Солтүстік мұзды мұхиттағы Кар теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға батыс сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады», делінген хабарламада. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының -28…-33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты жел болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман болжанады. Бұл жерлерде сондай-ақ, түнде - 7…15°С-қа дейін, оңтүстікте минус -3…8°С-қа дейін суытады.


syrboyi.kz
18 қараша 2019 ж. 431 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930